Импортқа 90 пайыз тәуелді сала – Қазақстанда жуғыш заттардың сатылымы күрт төмендеді

Жарияланды (жаңартылды )
жуғыш заттар
Импортқа 90 пайыз тәуелді сала – Қазақстанда жуғыш заттардың сатылымы күрт төмендеді / Kursiv.media

Ішкі нарықта қаңтар айының соңында 9,3 мың тонна жуғыш зат сатылды. Бұл алдыңғы айға қарағанда 25% немесе 3 мың тоннаға аз. Мұндай мәліметті Бірінші кредиттік бюро Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп хабарлады.

Қаңтардағы көрсеткіш 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 20% немесе 2,4 мың тоннаға аз. Сөйтіп бұл көрсеткіш кейінгі 1,5 жылдағы ең төменгі деңгей болды.

Әдетте, ел ішінде сатылатын жуғыш заттардың көлемі айына 10 мың тоннадан асады. Осылай, 2023 жылы орташа айлық деңгей 14,4 мың тонна, ал 2021 жылы 13 мың тонна болды. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы көрсеткіш бағанынан жаңа басталған 2024 жыл ғана емес, 2022 жыл да төмендеп отыр. 2022 жылы көрсеткіш бес ай бойы төмен деңгейді көрсеткен еді.

Ішкі сатылымның төмендеуі импорттың азаюына байланысты екенін болжау қиын емес. Өйткені еліміздегі жуғыш заттар нарығының шамамен 90%-ы шетелдік жеткізілімдерге тәуелді.

Бұған дейін Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы импорт көлемі 2,8%-ға қысқарғанын жазған едік.

Қазақстан мен ЕАЭО арасында экспорт ұлғайып, импорт азайды. Аталған ұйым елдеріне экспорт 9,5%-ға өсті. Ал импорт керісінше, 9,3%-ға кеміді. Екіжақты сауда көлемі 28 млн доллардан асса да, номиналды мәнде алыс-беріс 2,8%-ға қысқарды.

«2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 28 517,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 2,8% азайды», – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Есске салайық, былтырға Үндістанға алмаз импорты 43%, гауһар тас импорты 39%-ға төмендеді.

Үндістанның асыл тастар және зергерлік бұйымдар экспортын ынталандыру кеңесінің (GJEPC) алдын ала мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың шілдесінде Үндістанға алмаз импорты бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 43%-ға төмендеп, 1,102 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Осы жылдың маусым айының қорытындысымен салыстырғанда (1,366 млрд доллар) 2023 жылдың шілдесінде импорт 19%-ға азайды.

Жалпы шілдеде импорт көлемі (11,34 млн карат) өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға және маусыммен салыстырғанда (12,05 млн карат) 6%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз