Жаңалықтар

Елімізде кәсіпорындардың кірісі үш жылдық минимумға дейін төмендеді

көрсеткіш, деңгей
Елімізде кәсіпорындардың кірісі үш жылдық минимумға дейін төмендеді / Kursiv.media

Ірі және орта кәсіпорындардың кірісі төмендеп бара жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2023 жылғы IV тоқсанында шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3913,1 млрд. теңге сомасында пайда ретінде анықталды. Өндірістің рентабельдік деңгейі 17% болды, – делінген хабарламада.

Бұл үшінші тоқсанмен салыстырғанда 0,6 пайыздық тармаққа және 2022 жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда 3,1 пайыздық тармаққа аз.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, рентабельдік компаниялар кірісінің 10%-ға – 3,9 трлн теңгеге дейін азайғандықтан төмендеді. Солай бола тұра, сатылған өнімдер мен қызметтердің өзіндік құны 9%-ға өсіп, өндірістік емес шығын артып жатыр.

Жылдан жылға пайданың ең үлкен абсолют азаюы кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте (бұл басқалармен қатар, бас компаниялардың қызметі, басқарушылық консалтинг, құқық және бухгалтерлік есеп салаларын қамтиды) байқалады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы 704 миллиард теңгеден 451,2 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Бірақ сектор шығынды күрт азайтты, сөйтіп рентабельдік деңгейі ең жоғарғысы болды – 60,4% (+ жылдан жылға 18 пайыздық тармақ).

Тұру және тамақтандыру қызметтері секторы аутсайдері: рентабельдік жылдан жылға 1,1 пайыздық тармақ болса да, 1,8% болды. Тиісінше, пайдасыз қалған сектор жоқ.

Бұған дейін «ШалқияЦинктің» 2022 жылғы шығыны 1,55 млрд теңгеге жеткенін жазған едік. Компаниияның 2021 жылғы шығыны 0,7 млрд теңге болған.

Есепті кезеңдегі салық төлегенге дейінгі шығын 1,46 млрд теңгеге жеткен. Бір жыл бұрын оның көлемі 1,08 млрд теңге болған.

Ал операциялық шығын 304 млн теңге болды. Бір акцияға шаққандағы шығын 0,92 мың теңгеден 1,92 мың теңгеге дейін өсті.

Айта кетейік, 2023 жылы KEGOC-тың таза пайдасы 60%-ға артып, 42,7 млрд теңге болған еді.

«Жедел деректерге сәйкес, «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы жалпы пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 39%-ға өсіп, 50,9 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін өсті. Түсім 251,9 млрд теңгені құрап, 2022 жылға қарай 34,7 млрд теңгеге немесе 16%-ға өсті. Өсу негізінен реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тарифтерінің ұлғаюына байланысты болды»,– делінген хабарламада.

Осылай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 42,7 млрд теңге деңгейінде қалыптасқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,9 млрд теңгеге немесе 60%-ға жоғары. Ол жылы таза пайда 26,7 млрд теңге болған.