Қазақстанда жазадан қашқан азамат Бішкекте ұсталды

Жарияланды (жаңартылды )
Сотни топ-чиновников сводили на экскурсии в СИЗО для профилактики коррупции, но министров среди них не было
Қазақстанда жазадан қашқан азамат Бішкекте ұсталды / коллаж kursiv.media

Жазадан жалтарып, қашып жүрген Қазақстан азаматын Қырғызстанның арнайы жасақ сарбаздары Бішкекте ұстады.

АКИpress басылымының ақпаратына сүйенсек, халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасы территориясында ұсталған.

Экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 427-бабы «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару» бойынша 1993 жылғы Қазақстан азаматы Бішкекте жасырынып жүргені туралы ақпарат алған.

Арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесе отырып, ІІББ-нің жедел уәкілдері ер адамның қай жерде екенін анықтап, оны арнайы операция кезінде ұстады.

Қазақстан азаматы бұрын сырттай сотталып, қамауға алу түрінде белгіленген бұлтартпау шарасы негізінде Бішкектің қамауда ұстау изоляторына қамалған.

Оны экстрадициялау мәселесі кейіннен шешілетіні атап көрсетілген. Бұған қоса, құқық қорғау органдары Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісі бойынша құқықтық бағалау жүргізеді.

Осыған дейін атышулы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша Қазақстанда іздеу жарияланған Алматы қаласының тумасы Әділет Ораз Бішкекте ұсталғанын жазған едік.

«Бішкекте бет-әлпетті тану функциясы бар сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен ТМД елдерінің бірінде іздеуде жүрген азамат анықталды. Бейнебақылау жүйесі оның қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін іздеуде жүрген адам екенін анықтады», – делінген ресми хабарламада.

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217- бабы «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша іздеу жарияланған ер адам Бішкек қаласының бейнебақылау камераларына желтоқсан айының соңында түскен. Қырғызстан полициясы күдіктіні іздеп тауып, қамауға алған.

Сондай-ақ оқыңыз