Наурыз-Мейрамы, Наурызхан: Қазақстанда есімі Наурыз мейрамы құрметіне қойылған адамдар қанша?

Жарияланды
халық саны
Қазақстанда есімі Наурыз мейрамы құрметіне қойылған адамдар қанша?/kursiv.media

Қазақстанда Наурыз мерекесіне орайластырылып қойылған Наурыз есімді адамдар саны біршама. Олардың ішіндегі ең ерекшесі – Наурыз-Мейрамы. Ұлттық статистика бюросы ақпаратына сәйкес, елде 1472 адамның азан шақырып қойған аты – Наурыз. Ал жеті адамның есімі Наурыз емес Наурыза. Сондай-ақ аты мен тегі Наурыз сөзінен туындаған адамдарда жетерлік.

Қазақстанда 3206 адамның тегі Наурызбеков болса, 2940 адам Наурызбаев. Сонымен қатар 272 адамға Наурызхан аты таңдалса, 241 Наурызгүл бар екен. Наурызжана болып аталған 51 адам, ал ерекше Наурыз-Мейрамы деген есімді бір адам да бар.

Қаңтар айында Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы қойылған есімдердің үздік ондығын жайлы ақпарат ұсынған. Ақпаратқа сүйенер болсақ, 2023 жылы ер балалардың арасында Әлихан деген есім танымал болса, қыз балалардың арасында Медина деген есім трендтен түспеді. Дүниеге келген 2 848 ұлға – Әлихан, 5 307 қызға – Медина деген есім берілді.

Нәрестелерге Омар, Айша деген есім де жиі қойылды. Осылайша 2 362 ер бала – Омар, 4 390 қыз бала Айша атанды.

2 268 ұлға – Айсұлтан, 4 139 қызға – Асылым деп азан шақырылды. 2 162 ұлдың туу туралы куәлігіне – Әмір,  4 063 қыздың құжатына – Айлин деп жазылды.

Сонымен 2023 жылы ұлдар арасында танымал болған 10 есім: Әлихан, Омар, Әмір, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Әли, Нұрислам, Мұхаммад, Хамза.

Қыздарға жиі қойылған ТОП-10 есім: Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Әмина, Аяла, Айым.

Атап көрсетерлігі, 2022 жылмен салыстырғанда қыздарға көп қойылған танымал 10 есімнің тізімі өзгерген жоқ. Осы орайда Айша, Әмина деген есімдердің соңғы 10 жылда ТОП-10 есім тізімінен түспей келе жатқанын айта кету керек.

Ұлдар арасында Әлихан, Әмір, Нұрислам есімдері танымалдығын жоғалтқан жоқ. Тек Хамза Рамазанды ығыстырып, ұлдарға жиі қойылатын есімдердің ондығына енді

Сондай-ақ оқыңыз