Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында атыс болды

Жарияланды (жаңартылды )
ria.ru

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында атыс болды. «Пикник» тобының «Крокус Сити Холлдағы» концерті кезінде камуфляж киген белгісіз біреулер оқ жаудырып, артынша жарылғыш зат лақтырған. Жарақат алғандар мен зардап шекендер бар деп хабарлайды РИА Новости.  

Төтенше жағдай болған жерде құқық қорғау органдары мен өрт сөндірушілер, жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр. Арнайы штаб құрылған.

Ресей Тергеу комитеті лаңкестік әрекет бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Крокус Сити Холл» концерт залындағы атыстан 40 шақты адам қайтыс болып, 100-ден аса адам жарақат алған.

«Крокус Сити Холлдағы» өртті сөндіруге авиация қолданылуда, тікұшақ жанып жатқан ғимаратқа су төгіп жатыр, деп хабарлады Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ оқыңыз