WhatsApp-та мессенджерлердегі хат оқылып, желілер бақыланады деген фейк тарады

Жарияланды (жаңартылды )
WhatsApp-та мессенджерлердегі хат оқылып, желілер бақыланады деген фейк тарады / kursiv.media

WhatsApp мессенджері тағы да «ертеңнен бастап» кейбір жаңа байланыс ережесі күшіне енетіні туралы фейк тарады. Ол бойынша мессенджердегі айтылған әңгіме мен хат жазылып, әлеуметтік желілердегі қадамдар қадағаланады. Бұл жалған. Бұл туралы StopFake жазды.

«Бұл хабарлама Қазнетте 2022 жылғы қаңтарда тараған. Ол кезде хабарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып тараған еді. Ведомство мұның бәрі өтірік екенін және біздің елде «байланыстың жаңа ережелері» жоқ екенін хабарлаған еді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұл хабарлама мәтін түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталмай Ресейде де таратылған. Ол елде де ақпарат жалған екенін айтып, теріске шығарған болатын.

Айта кететіні, фейк ақпараттың мәтінінде оның жалған екенін көрсететін дәлелдің бәрі бар. Онда «жаңа қарым-қатынас ережелері» енетін күн, ел көрсетілмеген және дереккөзге сілтеме жоқ.

Бұған дейін «Нан құрамында аса қауіпті у бар» деген фейк тарағанын жаздық.

Уланған нан туралы ақпаратты бірқатар БАҚ берді. Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) қауіпті «бром метил» туралы қауесет жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, біріншіден, бром метил улы емес және оған тыйым салынбаған, екіншіден, оның дақылдарды өңдеу үшін қолданылатын мөлшері адамға зиян тигізе алмайды. 
Бром метил немесе метилбромид – бұл астықты, жемді, ағашты, отырғызу материалын және т.б. фумигациялау үшін қолданылатын кейбір пестицидтердің белсенді ингредиенті.

Еске салайық, «Тұтынушыларға хабарламай-ақ азық-түлікке жәндіктерді қосуға рұқсат етілді» деген фейк те таралған еді.

Telegram чаттарға қатысушылардың хабарлауынша, Еуропалық Одақ елдерінде тағамға шегірткелер қосуға рұқсат беретін нормаларды мақұлдаған. Сондай-ақ пайдаланушылар мұндай өнімдердің қаптамаларында ерекшелік белгілер болмайды және құрамында жәндіктердің бар екені көрсетілмейді деп жазды. Бұл шындыққа жанаспайды.

Аталған жаңа нормалар ЕО елдерінде қабылданғаны рас. Енді Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының қаулысына сәйкес, үйдегі шегірткелерден немесе Acheta domesticus-тан жасалған ішінара майсыздандырылған ұнды жеуге рұқсат етіледі. Мұндай ұн былай жасайды: шегірткелерді ұнтақтамас бұрын бір күн бойы тамақтандырмайды, содан кейін оларды мұздатады, жуып, термиялық өңдеуден өткізеді, майсыздандырады, содан кейін құрғақ ұнтаққа айналдырады. Мұндай өнім ақуызға бай және ағзаға зиянсыз болып саналады. 

Сондай-ақ оқыңыз