Ақтауда вандалдар 2,5 миллион теңге тұратын әткеншекті сындырды

Жарияланды (жаңартылды )
Ақтауда вандалдар 2,5 миллион теңге тұратын әткеншекті сындырды / Lada.kz

Ақтауда құны 2,5 млн теңге болатын әткеншек сынды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

«Тұрғындар хабарлағандай, 11-шағын аудандағы Ынтымақ алаңындағы әткеншектер жарамсыз болып қалды. Ақтау тұрғындары «Трио» әткеншектерінің шынжыры тағы үзілгеніне шағымданды», – делінген хабарламада.

Әткеншектің құны – 2 553 441 теңге.

Жағдайға Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі түсініктеме берді.

«Осы нысанды қалпына келтіретін мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды», – деп жауап берді департамент.

Тап осы нысан пайдалануға берілмей тұрып та сынған еді. Сәулет нысаны үш жыл бұрын салынған. Ынтымақтың орталық алаңында «Clover media group» ЖШС орнатып жатқан құрылысы аяқталмаған «Әткеншек» нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды.

 «Сөз жоқ. Алаңда барлық бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғаны анық, бұл бұзақы адамдарды анықтау қиын емес еді, бірақ қандай да бір себептермен полицейлер қозғалмайды» ,– деді қала тұрғыны Ғалия.

Қалалық әкімдік «Әткеншек» шағын сәулет нысанының әлі балансқа қабылданбағанын хабарлады.

 «Енді қалпына келтіру жұмыстарын «Clover media group» ЖШС компаниясы жүргізетін болады», – деп атап өтті әкімдікте.

«Әткеншек» шағын сәулет нысанының құны 2 553 441 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз