Wedbush: Apple Қытайдағы нарық үлесін екі есеге арттыра алады

Жарияланды
Wedbush: Apple Қытайдағы нарық үлесін екі есеге арттыра алады/ Фото: Shutterstock

АҚШ-тың Wedbush инвестициялық компаниясының ақпаратына сүйенсек, Apple Қытайдағы смартфондар нарығындағы үлесін екі есеге арттыра алады. Биылғы жылы елдегі iPhone сатылымының төмендеуіне қарамастан, Wedbush компаниясы Apple акцияларының рейтингі мен бағасын сақтап отыр.

Толығырақ

«Apple компаниясы сатылымның төмендеуіне және қатаң бәсекелестікке қарамастан қытайлық смартфондар нарығында өз үлесін екі есеге арттыра алады», – деп хабарлады Wedbush Securities сарапшылар тобы. Дегенмен, iPhone күздегі сатылымының басталуына дейін Қытайдағы қиындықтарды, соның ішінде күрделі макроэкономикалық жағдайды және Huawei бәсекелестігіне төтеп беруі қажет.

«Apple басшысы Тим Куктың Қытайға сапары Apple ставкаларын екі есе арттыруға ықпал жасады. Оның бұл сапары маңызды. Өйткені Apple Қытайға мұқтаж, ал Қытай Apple -ге мұқтаж», – деп атап өтті Wedbush.

 Тим Куктың Қытайға сапары

Өткен бейсенбі күні Тим Кук Шанхайда бөлшек сауда дүкенін ашты.

«Біз үшін Қытайдан маңызды жеткізу тізбегі жоқ», — деді Кук.

Ол жергілікті серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға уәде берді. Apple смартфондарды Қытайда 2009 жылы сата бастады. Ал келесі жылы өзінің алғашқы бөлшек сауда дүкенін Бейжіңде ашты. Синьхуа агенттігінің мәліметі бойынша, Apple компаниясының 200 негізгі жеткізушісінің 151-і ҚХР-да өндірістік қызмет атқарады.

Ірі америкалық компаниялардың (Pfizer, Amway, FedEx) басшылары қатысқан қытайлық кәсіпкерлер мен шенеуніктердің жыл сайынғы ең үлкен форумында Apple басшысы Қытайды жаңашылдығы мен серпінділігі үшін мақтады.

«Маған бұл жер ұнайды, мен қытайлықтарды жақсы көремін», – деді Кук.

Сатылымның төмендеуі

2023 жылы Apple алғаш рет қытайлық смартфондар нарығының көшбасшысы болды. Оның үлесі бір жыл бұрынғы 16,8%-дан рекордтық 17,3%-ға дейін өсті. 2024 жылдың басында Сounterpoint зерттеу компаниясының есебіне сәйкес, Қытайда iPhone сатылымы 24%-ға төмендеді. Ал компанияның үлесі 15,7%-ға дейін құлдырады.

 «Apple жергілікті өндірушілер, ең алдымен Huawei тарапынан қатты бәсекелестікке тап болды»,- дейді Counterpoint сарапшысы Мэнмэн Чжан.

Осы жылдың басында Қытайда Apple сатылымының төмендеуі өткен жылдың қаңтар айындағы жоғары базамен байланысты. 2022 жылдың соңында Apple Қытайдағы локдаунға байланысты жеткізу тізбегінің бұзылуына тап болды. iPhone жеткізілімдерін қаңтар айына ауыстырды.

Wedbush оптимизмі

Өткен жылдың желтоқсан айында Wedbush сарапшысы Дэниел Айвз Apple 2024 жылы нарықтық құны 4 трлн долларды құрайтын әлемдегі алғашқы компания болуы мүмкін деп болжады. Оның пікірінше, Microsoft корпорациясы 2024 жылы 4 трлн капиталдандыруға жақындайды. Бірақ оған тек 2025 жылдың басында қол жеткізе алады.

Қаңтар айында Microsoft корпорациясына әлемдегі ең қымбат қоғамдық компания атағына ие болды. Нарық қатысушылары iPhone өндірушісін жасанды зерде технологиясын кешіктіріп қолданғаны үшін сынап отыр.

«Apple әлі күнге дейін жасанды интеллектте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген жоқ»,- деді Zacks Investment Management менеджері Брайан Малберри.

TF International Securities сарапшысы Мин-Чи Куо егер нарық жасанда зерде жаңалықтарымен таң қалмаса, Apple-ді  капиталдандыру  бойынша Nvidia басып озуы мүмкін деді.

Наурыз айында Goldman Sachs Apple қағаздарын сатып алуға болатын көшбасшы акциялар тізімінен алып тастады.

Сондай-ақ оқыңыз