Halyk Bank акционерлеріне 2023 жылғы дивиденд мөлшерін бекіту ұсынылды

Жарияланды
Шығарушы редактор
Halyk Bank акционерлеріне 2023 жылғы дивиденд мөлшерін бекіту ұсынылды / shutterstock

Halyk Bank акционерлеріне 2023 жылғы дивиденд мөлшерін бекіту ұсынылды. Әр акцияға 12,1% төленіп, 25,43 теңге деп бағалау бекітілді.

Төлем коэффициенті 2023 жылғы таза пайданың 40%-ы болмақ. 25 сәуірде акционерлер сырттай дауыс беруі қажет. Төлемдердің басталу күні – 3 маусым, акционерлер тізілімін тіркеу күні 15 мамыр болып бекітілді.

Сонымен қатар екінші жартыжылдықта «тұрақты макроэкономикалық ортаны сақтай отырып және Банктің операциялық қызметіне, оның қаржылық көрсеткіштеріне әсер ететін елеулі сыртқы факторлар болмаған кезде» 2023 жылға арналған дивидендтердің қосымша төлемі қаралуы мүмкін.

Егер қосымша дивиденд бекітілсе, төлем коэффициенті 50% пайдаға дейін өседі.

Банктің былтырғы жылғы көрсеткіштері

Банк активтері бір жылда 8,7%-ға, яғни 15,5 трлн теңгеге өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 14,4 трлн теңге еді. Банк міндеттемелері 13 трлн теңгеге дейін жетті. Ал капиталы 13,6%-ға, 2,5 трлн теңгеге дейін өсті.

Таза пайыздық кіріс 810,4 млрд теңгеге дейін өсіп, басқа пайыздық емес кіріс 400,1 млрд теңге болды. Бұл 2022 жылғыдан 4 млр теңгеге аз. Былтыр банктің таза пайдасы 693,4 млрд теңге болды. Ал 2022 жылы 569,4 млрд теңге болған.

Халық банкінің негізгі акционерлері – Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Олар ALMEX холдингі арқылы банктің 56,4%-ын иеленеді. Акцияның 23,14%-ы номиналды тұлға ретінде әрекет ететін және Лондон қор биржасында сатылатын депозитарлық қолхаттарды шығаратын Bank of New York банкіне тиесілі.

Бұған дейін Halyk Bank акционерлерінің қатарында Air Astana-ның өкілі бар компанияның 50% үлесін сатып алғанын жазған едік.

Halyk Bank Қазақстан қор биржасына Open Networks LTD компаниясының 50% үлесін иеленетінін хабарлады. 

Бұған дейін, Kursiv.media Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халық банкіне Open Networks LTD деген жеке компанияның капиталына «қатысуға» рұсат бергенін жазған еді.

Halyk Bank жария еткен құжатта мәміленің мән-жайы, үлеске иелік етудің нақты сомасы көрсетілмеген.

Ад, Open Networks LTD цифрлық экожүйелерді дамытумен айналысады. «Курсив» жеке компанияның уәкілетті тұлғаларының қатарында «Air Astana» АҚ ақпараттық технологиялар және электронды бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Чаминдра Ленава да бар екенін анықтаған еді.

«Агенттік басқармасының 2023 жылғы 22 маусымдағы «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына Open Networks жеке компаниясының капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы № 55 қаулы қабылданды», – деп жазылған реттеуші мәлімдемесінде.

Сондай-ақ оқыңыз