Жаңалықтар

Қазақстандағы дизель қоры 2 айға, бензин қоры 1,5 айға жетеді

Қазақстандағы дизель қоры 2 айға, бензин қоры 1,5 айға жетеді / коллаж kursiv.media

Ресей мұнай тауарларын сатуды тоқтатқан күннің өзінде де Қазақстандағы дизель қоры 2 айға, бензин қоры 1,5 айға жетеді. Бұл туралы Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беру кезінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Қазір біздегі бензиннің қоры 2 айға, дизельдің қоры 1,5 айға емін-еркін жетеді. сондықтан ондай жағдай болса да (Ресей мұнай өнімдерін сатпай қойса да) бізде алдағы уақытта тапшылық болмайды. Елімізде 657 мың тонна дизель, 454 мың тонна 92-бензин қоры бар», – деді Сәтқалиев.

2023 жылы өзге елдерден елімізге 6,1 мың тонна АИ-95 маркалы бензин жеткізілген. Көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңіндегі 60,4 тоннамен салыстырғанда 101 есе артқанын жазған едік.

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, 2021 жылы импорт болған жоқ. Ал 2020 жылы 0,3 мың тоннаның айналасында болған. 2018 жылға дейін ондаған мың тонна АИ-95 сырттан импортталып, өз елімізде аз өндірілген.

Сырттан жеткізілетін жанармай көлемі шілде-тамыз айларында артып, 2023 жылғы жалпы көлемнің 65%-ын құраған. Сол кезде билік Шымкент МӨЗ-да жөндеу жүргізілуі және Атыраудағы МАЭК-те кіші-гірім апат болуына байланысты ішкі нарықта жанар май тапшылығы туындай бастады. 

Көп ұзамай Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан АИ-95-ті «бір реттік жеткізілім» түрінде әкелу туралы мәлімдеді.

Бірақ қыркүйек айының соңында Атыраудағы зауыт күрделі жөндеуден өтті. Бұл аралықта бензинді сатып алу көлемі одан әрі артатыны белгілі болды. Энергетика министрлігінің АИ-92 бензинінің тапшылығын болдырмау үшін Ресейден 110 мың тонна бензин экспорттау үшін келліссөз жүргізіп жатқанын жазған едік. .