Fitch Ratings: Өзбекстан 2024 жылы кемінде үш банкті сатылымға шығарады

Жарияланды
Fitch Ratings: Өзбекстан 2024 жылы кемінде үш банкті сатылымға шығарады / коллаж kursiv.media

Өзбекстан билігі 2025 жылдың соңына қарай кем дегенде үш банкті шетелдік стратегиялық инвесторларға сатуға ниетті.

Fitch Ratings халықаралық агенттігінің талдаушылары ұсынған Өзбекстанның банк секторы:  «Құрылымдық проблемалар мен жаңа тәуекелдер аясында трансформациялау» атты шолуға сүйенсек, бұл мемлекеттік емес банктердің үлесін 32% (2023 жылдың аяғындағы деректер бойынша) 60% – ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Өзбекстан билігі бес жыл бұрын банк саласын реформалау туралы жоба жариялады. Президенттің 2020 жылғы мамырда шыққан жарлығына сәйкес, мемлекет халықаралық қаржы институттарымен бірге бес жыл ішінде алты банкті жекешелендіруді жоспарлаған. Олар: «Ипотека-банк», «Узпромстройбанк», «Асакабанк», «Алокабанк», «Кишлок курилиш банк» және «Туронбанк».

Бес жыл ішінде Венгрияның ОТР компаниялар тобы Өзбекстанның «Ипотека-банкінің» бақылау пакетін сатып алған. Шолудағы ақпаратқа сүйенсек «Узпромстройбанк» 2024 жылдың соңына дейін, «Асакабанк» 2025 жылдың соңына дейін сатылуы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы бір жылда Bernie bank сатылған. Bereke bank – 2022 жылдың наурызында АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған Сбербанктің бұрынғы еншілес ұйымы. АҚШ санкциясына ұшыраған соң, халықаралық төлем жүйелерінен ажырап қалған болатын. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде ресейлік Сбербанк оны «Бәйтерек» ұлттық холдингіне сатты. Келісімнен кейін қаржы институты атауын Bereke Bank деп өзгертті.

2023 жылдың 8 наурызында АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) қаржы институтын Specially Designated Nationals (SDN) санкциялық тізімінен және секторлық санкциялар тізімінен (SSI) шығарды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Bereke bank-ті сатқан кезде мемлекет жұмсаған қаражат толық өтеледі деп сендірген.

Қазан айында Bereke banкті Қатардан келген инвестор сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарады. Қазір инвестор Bereke bank-ті бағалап жатыр, соның нәтижесінде қаржы институтының құны анықталмақ.  

Сондай-ақ оқыңыз