Қазақстанға заңсыз кіргізілген жүк көліктері мемлекетке 385 млн теңге залал келтірген

Жарияланды
Қазақстанға заңсыз кіргізілген жүк көліктері мемлекетке 385 млн теңге залал келтірген / shutterstock

Қазақстанға заңсыз кіргізілген 45 жүк көлігі 180 млн теңге кедендік төлем мен 205 млн теңге тіркеу төлемдерін төлемеген. Осылайша мемлекетке залал келтірген.

Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

«Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ  205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді», –делінген ҚМА хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Агенттік экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.

Осыған дейін

Қазақстанға жаңа көлік ретінде ескі көліктерді жалған құжатпен тіркеп кіргізген азаматтар бюджетке шамамен 14 млрд теңге шығын келтіргенін жазған едік.

Заң бұзушылар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, жалған құжаттар бойынша автобустарды әкелуге тырысып, олардың шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды. Бюджетке келтірілген залал қазір 14,3 млрд теңге. 

Осы қылмыстық фактілерге қатысты мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдар қызметкерлері тексеріледі.

Егер автомобиль бес жылдан көп жүрсе, онда елге кірерде 2500 АЕК алым төлеу керек. Ал егер екі жылға толмаса, төлеу сомасы 0,25 АЕК дейін қысқарады.

Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар алғашқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында мамандандырылған ХҚКО-ға шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қояды.

Кейбір жағдайларда тіркеу (бұрын 2016 ж.) EGOV порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған. 

ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеу кезінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері авто санаты жайлы ақпаратты «қолмен» енгізген. Автокөлік құралдарын бүкіл ел бойынша алаяқтық жолмен тіркеуді тоқтату үшін агенттік «қолмен» тіркеу мүмкіндігін алып тастауға шара қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыз