Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері Қытай нарығына экспортталады

Жарияланды
Шығарушы редактор
өнімдері
Қытайға Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері экспортталады. Фото: kursiv.media

Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері Қытай нарығына шығарылады. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен қытайлық Jinmaisui Group Gangwei компаниясы өзара келісімге келген.

Келісімге Қазақстан экспорттаушыларының екінші форумы мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қытай (Сычуань) – Қазақстан 2024 конференциясы аясында қол қойылған.

Іс-шараға Сычуань және Хубэй провинцияларының іскер топтарының өкілдері, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларының өкілдері қатысқан.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Жанатаев Рустам Қытайдың қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімді үшін негізгі нарық ртіндегі маңызын атап өткен.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында шамамен 100 миллион АҚШ доллары сомасына жыл сайынғы форвардтық қаржыландыруды жүзеге асырады. Енді корпорация өнімнің кепілдендірілген көлемі мен сапасын, сондай-ақ уақтылы жеткізуді қамтамасыз ете отырып, шетелдік инвесторлардың қатысуымен форвардтық сатып алу тетігін енгізуге дайын.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанның сауда серіктестері арасында бірінші орынға шыққан.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  былтыр екі ел арасындағы өзара сауда 31,5 млрд АҚШ долларын құрайтын рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты 12,6 пайызға өсіп және 14,7 миллиард долларды құрады. Импорт 50,5 пайызға өсіп, 16,8 миллиард АҚШ долларына жеткен.

«Қытаймен өзара байланыс әлемдегі ең ірі инвесторлар мен жетекші экономикалардың бірі, Қазақстан үшін тұрақты прогресс пен сауда-инвестициялық әлеуетті іске асырудың ұзақ мерзімді факторы болып отыр. Өткен жылы Қытай нарығын еркін экспорттай алатын Қазақстанның агроөнімдер тізбесін кеңейттік. Біздің болжам бойынша, Қазақстанның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін қоса алғанда, 135 тауар позициясы бойынша экспортты 1 милиардқа арттыра алады», — деді министр.

Сарапшылар әлемдегі геосаяси турбуленттік жағдайында Қазақстан мен Қытай қатынасы жаңа серпін алатынын айтады.

Сондай-ақ оқыңыз