Бір лодуманды емдеуге 2 – 3 млн теңге жұмсалады. Депутат құмар ойынға тәуелділерді айықтырудың концепциясы бектілмегенін айтты

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Елімізде бір лудоманды емдеуге кемінде  2-3 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтты.

Мәжілістің комитет отырысында «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы таныстырылды. Заңды талқылау барысында Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанда лудомандарды емдеу концепциясы әлі бекітілмегенін мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын Алматыда республикалық психикалық ғылыми практикалық орталық бар. Ол ресми түрде түрлі деңгейдегі психологиялық дертке жататын ауруларды зерттейді, себебін анықтайды және емдеудің жолдарын қалыптастырады. Аталмыш орталық директоры және осы бағытта жұмыс істейтін өзге де орталық өкілдерімен осы лудомандар мәселесін талқыладық. Өкінішке қарай, біздің елімізде әлі күнге дейін лудомания дертінің себебі, нақты салдары мен оны емдеудің түпкі концепциясы бекітілмегенін айтты.  Бүгінге дейін сұрап отырған қаражат жылына 12 миллион теңге. Бірақ ғылым министрлігі де ол қаражатты бөлуге құлықсыз.  Денсаулық сақтау министрлігі де ол қаражатты қарастырмайды.  Сондықтан бізге дәл осы мәселемен айналысу керек», – деді депутат комитет отырысында.

Депутаттың айтуынша, елімізде лудомандарды емдейміз деген орталықтардың жартысынан астамының тиісті лицензиясы жоқ. Мұны денсаулық сақтау министрлігі де растаған. Мәжілісмен лудомандардың да өз уәждері барын айтты.

«Лудомандармен кездескен кезде олардың талап еткен мәселелерінің бірі 24 сағат жұмыс істейтін ломбардтарды жабу мәселесі болды. «Ұрлап алсақ та, жырлап алсақ та осы ломбардтарға күн-түн демей тапсырамыз. Олар құжатты да сұрамайды қажет болса. Сол күйі қабылдап, ақшамызды береді. Осылайша ұры атанып жүрміз» деп көздеріне жас алып тұрып айтты. Сондықтан  құқық қорғау органдарымен біріге отырып дәл осы 24 сағат жұмыс істейтін ломбардтардың да мәселесін бір ізге түсіруіміз керек», – деді Нартай Аралбайұлы.

Депутат лудомандарды емдейтін арнайы орталықтарға тиісті деңгейде қаржы бөлінбей отыр деп есептейді.

«Емдеу орталықтарының құны бір адамға 500 мың 1 миллион дейді, бұл бер жағы ғана. бір адамды 2-3 млн теңгеге емдейді. Оны емдеу орталықтарына барып өз көзіммен көріп қайттым. Сондықтан да айтып отырмын», – деді депутат.

Айта кетейік, «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казиноның жарнамасына толық тыйым салу туралы ұсыныс енгізілген. Сонымен қатар ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі.

Заң жобасына қандай шектеулер енгізілді?

Ұсынылып отырған заңда құмар ойынды жарнамалауға да тыйым қарастырылған. Соның ішінде үйлердің қасбеттерінде (фасадтарында), ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көлік құралдарында сыртқы жарнамалауға болмайды. Сонымен қатар, интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде жарнамаға толық тыйым салынады.

Екінші ойын жасына толмағандардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектеледі. Оларға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады. .

Үшінші талап онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жаза қолдану.

Төртінші  өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығын шектеу. Яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде мәліметтері бар 25 жасқа дейінгі жеке тұлғаларды құмар ойындарға және бәс тігуге жіберуге тыйым салу белгіленеді.

Бесінші жобада аңсыз лотоматиктерге мүлдем тыйым салу қарастырылған.

Алтыншы ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі.

Жетінші заңды тұлғалардың 25 жасқа дейінгі адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге жібергені үшін және орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген адамдарға әкімшілік жауаптылығы белгіленеді. Бұл ретте, бір жыл ішінде қайталанатын болса, бұл заң бұзушылық лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Сегізінші балалар, білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады, – деп мәлімдеді депутат.

Сондай-ақ оқыңыз