Жаңалықтар

АҚШ нарығындағы  өзгерістер  кез келген уақытта басталуы мүмкін-JPMorgan

JPMorgan сарапшысы: S&P 500 индексінің өсуі аяқталуға жақын дейді/Фото: Unsplash/m.

JPMorgan сарапшысы S&P 500 индексінің бес айлық өсуі аяқталуға жақын және тренд кез келген уақытта өзгеруі мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, «керемет жетілік» акциялары тым жоғары өсім көрсетті.

Толығырақ

JPMorgan Chase жаһандық акцияларының бас стратегі Дубравко Лакос-Бужас сәрсенбі күні тұтынушыларға АҚШ нарығындағы бес айлық өсім тоқтаған кезде, импульстік сауданың «теріс позицияда» қалуы мүмкін екенін ескертті. Сарапшының пікірінше, капитал негізінен нарықтағы ең тиімді акцияларға салынғандықтан және сол құнды қағаздар бағасының күрт өсуі жақын арада бір өзгеріс болатынын ескертеді. Қазіргі кезде «керемет жетілікке»Alphabet, Amazon, Apple, Meta, Microsoft, Nvidia және Tesla акциялары S&P500 индексінің 29%-ын құрайды.

«Осындай жағдай болуы әбден мүмкін. Мұндай өзгерістер бұрын да болған. Бір  қор кейбір позициялардағы қарыз қаражаттарының үлесін азайта бастайды. Екінші қор мұны байқап, өз позициясын өзгертуге тырысады. Ал үшіншісі не істерін білмей қалады. Осының барлығы құлдырауға әкеліп соғады», — деді стратег.

Нарық

JPMorgan сарапшысы S&P 500 индекс бірінші тоқсанның соңғы сауда күндеріне қатысты алаңдаулы. АҚШ-тың нарық индексі бесінші ай қатарынан өсіп келеді. Мұның бірнеше себептері бар: корпоративтік кірістер жоғары, жасанды зердемен айналысатын компаниялардың бағалы қағаздары инвесторлар үшін тартымды бола бастады. Сондай-ақ, АҚШ экономикасы тұрақты және ФРЖ биылғы жылы пайыздық мөлшерлемені төмендетуге дайын екенін жариялады. Bloombergтің жазуынша, бұл жағдайлар JP Morgan талдаушысын алаңдатып отыр.

Пайыздар

«Керемет жетілік» сияқты танымал акциялардың қарқынды өсуі әдетте түзетумен бірге жүреді, деп атап өтті Лакос-Бужас. Жаһандық қаржылық дағдарыстан бері бұл үш рет болды.

«Тарихи тұрғыдан алғанда, акцияларға инвестициялардың жоғары деңгейі байқалған кезде, лезде өсу факторы төмен қарай  ауытқиды», – деді Лакош-Бужас. Ол  2023 жылғы жоғары көрсеткіштерден кейін, Tesla акциясы 27%-ға, Apple-дің биыл 10%-ға төмендегенін еске түсірді.

S & P 500 бойынша пессимистік болжам

Bloomberg атап өткендей, Лакош- Бужас және басқа JPMorgan талдаушылары, соның ішінде жаһандық нарық бойынша бас стратег Марко Коланович та «аю нарығын» болжап отырғандар аз. JPMorgan S&P 500 индексінің ең төменгі бағасын жыл соңына дейін Уолл-стриттің ірі банктері арасында 4200 пункт деңгейінде ұстайды. Бұл шамамен 20% құлдырауды білдіреді.

Алайда, Банктің АҚШ акциялары бойынша болжамдары екі жыл қатарынан орындалмады. Алдымен Лакос-Бужас пен Коланович 2022 жылы «бұқа нарығы» келеді деп болжады. . Өткен жылғы S&P 500 24%-ға өсуі кезінде «аю нарығы» позициясын ұстанған еді.

S&P 500 акцияларының динамикасы

The Wall Street Journal жазуынша, 2024 жыл S&P 500 индексі үшін өте жақсы басталды. Қор нарығындағы кей-кейде құлдырау бірнеше сессиядан аспады. Ал индекс қаңтардан наурызға 21 рет рекордты көрсеткішпен жабылды. Alphabet құнды қағаздары жыл басынан бері 8,6%-ға өсті. Amazon- 20% -ға, Meta- 43%-ға, Microsoft-14% – ға, Nvidia-87,5%-ға өсті. Apple акциялары 6,5% — ға, ал Tesla 27,4% – ға арзандады.