Жаңалықтар

Sozak Oil & Gas ірі акционері акцияларының 25%-ын еркін айналымға шығармақ

Компания 25 000 акциясын еркін айналымға шығарды / Фото: kursiv.media

Sozak Oil & Gas компаниясының ірі акционері өзінің 25% акцясын еркін айналымға шығамақ. Бұл туралы Energy monitor телеграм арнасы жазды.

Компания 2023 жылдың желтоқсанында барлау мен өндірудің жетілдірілген үлгісіне көшті. AIX биржасында листингтен өтті (1 миллион акция).

Аталған компанияның ірі акционері Sino-science Netherlands Energy Group B.V. өзінің 25% (250 000 акция) акциясын еркін айналымға шығарды. Бір акцияның бағасы 1 млн теңге (нарықтық капиталдандыру 1 трлн теңге).

Құжатқа сүйенсек, Sozak Oil & Gas қытайлық мердігерлер CAMC Engineering Co және China Oil HBP Science & Technology Co (газ өңдеу зауытының құрылысына қатысқан) қатысуымен көлемі 6 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Қашаған жобасы), бірақ мерзімдер 2026 жылдан 2028 жылға ауыстырылды.

Еске сала кетсек, Sozak Oil & Gas Түркістан облысында газ барлаумен айналысады. Компанияның инвесторлары қытайлық компаниялар болған.

Бұған дейін 2024 жылғы ақпанда Қазақстан мен Қатар бірлесіп «Қашаған» кен орнында газ өңдеу зауытын салуға уағдаласқан.

«Қашаған кен орнында екі ірі газ өңдеу зауыты салынады. Бірінші газ өңдеу зауыты қазір салынып жатыр. «Қашаған» кен орнында 1 млрд текше метрге арналған зауыт. Екіншісін салу жоспарланып жатыр. 2,5 млрд текше метр газ өңдеуге есептелген. Бұл бағытта коммерциялық келіссөздерді QazaqGaz компаниясы жүргізеді», – деді Алмасадам Сәтқалиев.