Алматыда фестиваль, форум және басқа да имидждік жобаларға бюджет қысқартылады

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыда фестивальдерге, форумдарға және басқа да имидждік жобаларға бюджет қысқартылады / shutterstock

Алматы қаласында фестиваль, форум және өзге де имидждік жобаларға арналған бюджет қаржысы қысқартылады. Бұл туралы жергілікті бюджетті нақтылауға арналған қалалық мәслихат сессиясында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтты.

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша фестиваль, форум мен түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге шығындар қысқартылды», – деді Сухамбеков.

Қаланың 98 млрд теңге сомасына жергілікті бюджетін нақтылау өткен жылдан бергі бос қалдықтарды пайдалану және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілетін болған.

«Әлеуметтік салаға 2024 жылғы бюджет шығыстарының 31% бағытталуда, бұл 30,4 млрд теңге. Білім беру саласына 20,8 млрд теңге қарастырылған, ол 13 мектепке инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға, Шұғыла ш/а туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын балаларға арналған санаторий үлгісіндегі жатақханасы бар 340 орындық жаңа мектеп салуға, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжін жаңартуға, сондай-ақ №58, 73, 83 мектептерді және республикалық физика-математика мектебінің ғимаратын реконструкциялауға арналған», – деп қосты ол.

Бұдан бөлек, Алмалы, Бостандық, Алатау және Медеу аудандарындағы 5 мектепті күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейтуге қосымша 2,7 млрд теңге жұмсалуы тиіс.  Денсаулық сақтау саласында ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 11 нысанға күрделі жөндеу жүргізуге 5,6 млрд теңге қарастырылған. Мәдениет және спорт саласын дамытуға 3,3 млрд теңге қарастырылған.

Осыған дейін қалалық Мәслихат жанындағы тексеру комиссиясы Алматы бюджетін жылына 50 млрд теңгеге қосымша толықтыру тәсілін атаған еді. Комиссия төрағасының айтуынша, соңғы 5 жылда Алматы қаласының бюджеті едәуір өскеніне қарамастан, оны толықтыруда барлық резерв тартылмаған. 

Бюджетті қосымша толықтыру әдістері ретінде қаланың сауда базарларын көлеңкелі сектордан шығару, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарау, заңсыз жарнама орналастырудың жолын кесу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу сынды шаралар ұсынылды.

Алматы қаласы Мәслихатының VI сессиясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін баяндады. 2023 жылы Алматының экономикалық өсуі 5,1% құрағанына айтқан әкімдік өкілі өңдеу өнеркәсібінің экономиканың өсу драйверіне айналғанын айтты. Қабылданған шаралар мегаполис экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 57,8% дейін арттыруға мүмкіндік берген. 

Сондай-ақ оқыңыз