Huawei соңғы төрт жылдағы рекордын жаңартты

Жарияланды (жаңартылды )
Huawei продемонтрировала самый высокий рост прибыли
Huawei компаниясының табысы артты / Фото: Reuters/Benoi tessier

2023 жылы қытайлық смартфондар мен телекоммуникация жабдықтарын өндіруші Huawei Technologies жылдық есбін жариялады. Компания соңғы төрт жылдағы рекордын жаңартқан. Технологиялық алпауыттың табысы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,63% өсіп, 704,2 миллиард юаньға (97,48 миллиард доллар) жетті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

«2022 жылы кіріс 0,9% өсті. 2021 жылы компанияның чип қорлары таусыла бастағанда көрсеткіштер төмендеді. 2020 жылы пайда 3,8% өсті, ал 2019 жылы ол 19,1%-ды құрады. 2023 жылдың аяғында табыс 2020 жылғы 891,3 миллиард юань шыңынан төмен болды. Бұл ретте көрсеткіштің өсуіне тұтынушылық бизнес ықпал етті. Оның кірісі 17,3%-ға өсіп, 251,49 миллиард юаньға (34,8 миллиард доллар) жетті», – деп жазылған есепте.

«Ақылды» көліктерге арналған құрамдас бөліктер шығару сияқты жаңа бизнес салаларынан да қомақты табыс түскен.

Пайда мен маржа

2023 жылы таза пайда 144,5%-ға өсіп, 87 миллиард юаньға (12 миллиард доллар) жетті. Ал таза пайда маржасы бір жыл бұрынғыдан екі еседен астам өсті. Көрсеткіш 12,35%-ға жетті. Компания өкілінің айтуынша, бұл соманың бір бөлігі Huawei 2020 жылдың қарашасында сатқан Honor смартфон брендінен түскен. Компанияның негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологияға негізделген бағыты тұрақты болғанымен, оның «бұлтты» бизнесі жақсы табыс әкелген. 2023 жылы бұл сала 55,3 миллиард юань кіріс әкелді.

Huawei тұтынушыларының нақты саны белгісіз

Алайда Huawei тұтынушылардың нақты саны саны туралы деректерді жарияламады. Ұялы телефон сегменті өткен жылы қалпына келтірілді. Содан кейін компания Mate 60 көмегімен 5G смартфондарының негізгі нарығына оралды.

«Бұл АҚШ шектеулерін еңсеруге ықпал етті», – деп жазады Reuters.

Еске сала кетсек, 2019 жылдан бері АҚШ компанияны қауіпсіздікке саласына қатысты мәселелер тудырады деп айыптады. Осылайша Huawei-дің америкалық технологияларға қол жеткізуін шектеді. Ал технологиялық компания бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Баспасөз хабарламасында компанияның бас директоры Кен Ху нәтижелер болжамдарға сәйкес келгенін жеткізді.

«Соңғы бірнеше жылда біз көп нәрсені бастан өткердік. Бірақ бір қиындықтарды жеңе отырып, біз өсе алдық», – деді компания басшысы.

Еске сала кетсек, Қытай Қазақстанның сауда серіктестері арасында бірінші орынға шықты.

Сондай-ақ оқыңыз