Air Astana 2024 жылға дивиденд төлемейді

Жарияланды (жаңартылды )
Air Astana акционерлеріне 2024 жылға дивиденд төлемейді/ Коллаж kursiv.media

Air Astana өз акционерлеріне қысқа мерзімде, соның ішінде 2024 жылға дивиденд төлемейді.

«Бұған дейін айтылғандай, компанияның даму және өсу стратегиясы бойынша биылғы жылға дивидендтер төлеу жоспарда жоқ. Дивидендтер орта және ұзақ мерзімді перспективада төленеді», – деп түсіндірді әуе компаниясы.

Air Astana орта және ұзақ мерзімді перспективада компания дивидендтік саясатына сәйкес таза пайданың 30%-на дейін дивидендтер төлеуге жұмсауы мүмкін.

Air Astana 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады

15 наурызда тасымалдаушы былтырғы жылдың нәтижелерін жариялады. 2023 жылы Air Astana 68,7 миллион доллар таза пайда тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз.

2023 жылдың қорытындысы бойынша компания табысы 1,2 млрд долларды құрады. 2022 жылы 1,0 млрд доллар болатын Операциялық кіріс 136,0 млн доллар, ал 2022 жылы 148,7 млн доллар болатын. Компанияның тасымалданған жолаушыларының жалпы саны 10,1%, 8,1 млн-ға дейін өсті, орташа жүктеме коэффициенті 82,8%-ды құрады (2022 жылы 82,7%).

Топтың әуе кемелері паркінің көлемі кезең ішінде 49 ұшаққа дейін өсті (2022 жылдың аяғында 43 ұшақ). Түркия, Үндістан, Таиланд, Өзбекстан, Грузия және Парсы шығанағы елдері сияқты маңызды бағыттарға ұшатын рейстердің саны артып, Бейжіңге рейстердің қайта жандануымен Қытайға рейстер де артты.

Компания ақпан айында IPO-сы

Еске сала кетсек, ақпанда компания IPO өткізді. Оның барысында компания акцияларының 25%-ы еркін айналымға шығады. Air Astana әуе компаниясының IPO-сы барысында нарықтан 370 млн доллар тартты. Кейін тасымалдаушы бұл қаржының 120 млн доллары әуе компаниясының дамуына жұмсалатынын хабарлады. Ал компанияның негізгі акционері «Самұрық-Қазына» қорына осы қаржының 23 млн доллары тиесілі болады. Тағы бір акционер BAE Systems PLC компаниясы 206 млн доллар пайда тапты.

Қазіргі кезде компанияның 44 пайыз акциясы KASE, AIX және LSE биржасында еркін айналымда жүр. IPO-дан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниядағы үлесі 51%-дан 41%-ға дейін азайды. Ал BAE Systems PLC-тікі 49%-дан 15,3%-ға дейін төмендеген

Бүгінде компанияның акциялары KASE-де 1 067 теңге төңірегінде саудалануда. Бұл ретте  Freedom Broker сарапшылары компания акцияларының құны 51%-ға – 1600 теңгеге дейін өсуі мүмкін деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз