ERG құрылымына кіретін компания ресейлік зауыттан 1 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алды

Жарияланды (жаңартылды )
ERG құрылымына кіретін компания ресейлік зауыттан қаржы өндіріп алды / Коллаж kursiv.media

Ресейлік «Магнитогорск темір-металлургиялық комбинаты» Eurasian Resources тобына кіретін қазақстандық TransCom компаниясына 124 вагонды ұстап қалғаны үшін айыппұл ретінде 244 миллион рубль (1,2 миллиард теңге) төлейтін болды. Мұндай шешімді Челябі облысының арбитраждық соты шығарды.

2023 жылдың ақпанында TransCom компаниясы Челябі сотына сол кезде «Магнитогорск темір-металлургиялық комбинатына» 124 жүк вагонын қайтару туралы арыз берді. Сол арқылы 143 миллион рубль айыппұл төлеуді талап етті. Шағым 2023 жылдың наурыз айының соңында қабылданды. Өткен жылы сот отырыстары бірнеше рет кейінге қалдырылды.

2024 жылдың наурызында TransCom 244 миллион рубль мөлшерінде айыппұл салуды сұрап, шағым түсірді. Бұл ретте компания «Магнитогорск темір-металлургиялық комбинаты» 2023 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін біртіндеп оған жабдықты қайтарып беруіне байланысты 124 вагонды қайтару талабынан бас тартты.

Іс материалдарына сәйкес, TransCom және ERG Sales AG арасында TransCom Топ жүктерін Қазақстан ішінде және одан тыс жерлерде тасымалдау туралы келісім жасасқан. Бұл ретте Eurasian Resources Group «Магнитогорск темір-металлургия комбинатын» «Соколов-Сарыбай» тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде өндірілген темір кен материалдарын жеткізген. 

2022 жылдың наурыз айында Eurasian Resources тобы «Магнитогорск темір-металлургия комбинатына» 160 мың тонна жүк жеткізіп, оны 145 вагонмен тасымалдады. Тауарды қабылдағаннан кейін, ММК TransCom компаниясына 21 вагонды қайтарды. Қазақстандық компания зауытқа қалғанын қайтару туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. 2022 жылдың қарашасында ММК вагондардың тоқтап қалуына кәсіпорын ықпал етпегенін мәлімдеді. Осыған байланысты TransCom сотқа шағым түсіріп, оның талаптары қанағаттандырылды.

«TransCom» көлік тобы ERG құрамына кіреді. Оның түпкілікті иелері – Қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы – 20,7%, Патох Шодиев – 18,6%.

Transcom-нан басқа ERG активтеріне «Қазхром», «Қазақстан алюминийі», ССГПО, «Қазақстан электролиз зауыты», Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы, «Шұбаркөл көмір» кіреді.

Бұған дейін ERG тобына кіретін «ERG Exploration» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды облысындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізетіні хабарлаған. Серіктестіктің кеніш барлау мақсаты үшін жалпы көлемі 2813,7667 гектар жер берілетіні жайлы қаулы жобасы жарияланды. Үкімет ERG-қа тиесілі тағы бір компанияға салық заңнамасында тұрақтылыққа кепілдік берді.

Сондай-ақ оқыңыз