БЖЗҚ: жыл басынан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 2%-ға жуықтады

Жарияланды (жаңартылды )
Зейнетақы активтерінің кірістілігі артты / Фото: kursiv.media

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері туралы деректерді жариялады.

Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 509,38 млрд теңгеден асты

1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 509,38 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 18 449,01 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтері 18,5 млрд теңгеден асты. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 41,87 млрд теңгеден асты.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 

2024 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,74%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,83%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,31%, ҚРҰБ депозиттері -3,28%, акциялар және депозитарлық ҚР эмитенттерінің қолхаттары – 2,01%, ХҚҰ – 1,95%.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,8%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 32,2%-ы.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы табыс оң болды

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 275,12 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 103,05 млрд теңгені құрады. Шетел валютасын қайта бағалау теріс сипат алды және 26,41 млрд теңге болды. Басқа шығындар 0,65 млрд теңге.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жалпы табыс оң болып табылады.

Зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,91% болды

«Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2024 жылдың басынан бастап 351,12 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 67,05% немесе 140,93 млрд теңгеге артық. Салымшылардың шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 1,91% болды», – деп хабарлады БЖЗҚ.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда зейнетақы қорында қазақстандықтардың 17 832,9 млрд теңге жарнасы жинақталды.

Ұлттық банк басшысы БЖЗҚ-дан алынатын 1,5 трлн теңгенің жұмсалуына қатысты пікір білдірген еді. Тимур Сүлейменовтің пайымдауынша, қордан алынатын қаржының тек үштен бірі энергетика саласына салынуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз