Голландиялық Yandex компаниясы ресейлік бизнесін 475 млрд рубльге сататынын мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
Yandex N.V. заключил окончательное соглашение по покупке
Голландиялық Yandex тобы Ресейдегі бизнесін 30 сәуірге дейін сатады / Фото: kursiv.media

Голландиялық Yandex N.V. ресейлік бизнесін жеке инвесторлар тобына 475 млрд рубльге сатады. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Yandex тобының голландиялық бас компаниясы («YNV») Яндекс NV сатып алушылар консорциумымен Ресейдегі бүкіл топтық бизнесті 475 млрд рубльге сату туралы түпкілікті келісімге келді», – делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, Ресейде барлық қажетті рұқсат құжаттарын, соның ішінде үкімет пен Федералдық монополияға қарсы қызметтің рұқсатын алғанын ескерткен. Сонымен бірге компания акционерлері де бұл шешімммен келіскен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша мәміленің жабылуы екі кезеңде өтеді. Сол себепті акцияны сату және сатып алу туралы келісімді жүзеге асыру мерзімі 2024 жылдың 2 сәуірінен 30 сәуіріне дейін ұзартылады.

Еске сала кетсек «Курсив» голландиялық Яндекс холдингі (YNDX.O) өзінің негізгі үлесімен бірге барлық ресейлік активтерін сатуды қарастырып жатқанын жазған болатын.

Ресей Украинаға соғыс ашқан соң, Кремльдің Яндекс компаниясына қысым күшейді. Нәтижесінде компания 2022 жылдың аяғында өзінің жаңалықтар агрегаторын және басқа да онлайн-мүлкін мемлекет бақылауындағы «ВКонтактеге» сатып жіберді. Содан кейін корпоративті қайта құрылымдау жұмыстары басталды.

Сол кезде 50 пайыз жеңілдікпен есептегенде, ресейлік активтердің жалпы құны 560 миллиард рубльді құрайтыны айтылған. Бұл сома долларға шаққанда 6 млрд долларды құрайды. Бірақ байқағаныңыздай компания ресейлік бизнесін сол кезде болжанған бағадан да төмен сомаға сатып жатыр.

Сонымен бірге Батыс басылымдары «Яндекстегі» үлесті сатып алуға ниетті компаниялар туралы жазды. Үміткерлер арасында ресейлік «Интеррос» компаниясының негізін қалаушы  Владимир Потанин бар. Сонымен бірге «Лукойлдың» тең иесі Вагит Алекперов те бұл мәміледен үмітті. Одан бөлек ресейлік The bell басылымы Яндекс үлесін «Северсталь» акционері Алексей Мордашов сатып алатынын жазды. Ал Bloomberg мәмілеге «Магнитогорск металлургия зауытының» иесі Виктор Рашников та қосылуы мүмкін екенін хабарлаған. Сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың қатарында миллиардер Роман Абрамовичтің де бар екені айтылып жүрді.

Сондай-ақ оқыңыз