Жаңалықтар

Қостанай облысында су тасқынынан «Желқуар» өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтады

өткізу пункті
Қостанай облысында су тасқынынан «Желқуар» өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтады / Kursiv.media

29 наурыздан бастап Қостанай облысындағы «Желқуар» автомобильдік өткізу пункті уақытша жабылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды», – делінген хабарламада.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға осы жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағытын түзету ұсынылады.

Айта кетейік, Қазақстанның біршама өңірін еріген қар суы мен тасыған өзен суы басты

Абай облысында 12 ауланы су басты

Абай облысының Жарма ауданында қардың қарқынды еріп, Үшбиік ауылының екі шеткі көшесін су басты.

Барлығы 12 аула аумағы су астында қалды. Оның ішінде екі пәтерлі үйдің 9 пәтеріне су кірді (4 пәтер тұрғын емес).

Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады. Сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.

Көкшетау қаласында өзен тасыды

Көкшетауда өзен тасып, 8 жеке үй, 28 жеке аула аумағы және 7 көпқабатты тұрғын үй ауласын су басты.

Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүріп жатыр. 150 метр жер нығайтылды, 280 тонна инертті материал құйылды. 110 м каналдар мен арықтар кеңейтілді және тереңдетілді. 310 қап төселді. Еріген судың 1000 м.3-тен астамы айдалды.

ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты.

Ақпарат бойынша,  «Қарағанды-Аягөз-Боғаз»«Самара-Шымкент»«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» республикалық автожолдардың белгілі бір шақырымдарында қозғалыс шектелді.

Оралда көшелерді су басып, қала әкімі Миржан Сатқанов жергілікті төтенше жағдай жариялады

«Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанованың 2024 жылғы 26 наурыздағы қаулысы бойынша, қалада жергілікті табиғи төтенше жағдай жарияланды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Оралда ондаған үй мен әлеуметтік нысандарды еріген жаңбыр суы басты. Автожолдарда 26 су тасқыны тіркелді.