Баланы зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады. Прокуратура нұсқаулық берді

Жарияланды (жаңартылды )
Как обезопасить ребенка от насилия. Прокуратура дала инструкцию
Егер бала қауіпті сезінсе, кез-келген ересек адамға «жоқ» деп айта алуы керек / Фото: Shutterstock

Ақмола облысының прокуратурасы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға көмектесетін ата-аналарға арналған жадынама жариялады. Оның айтуынша, маңызды мәселелердің бірі-ата-аналар мен олардың балалары арасында сенімді қарым-қатынас орнату.

Нұсқаулықтағы бірінші нәрсе-балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз. Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің Әкем емес (Анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағыларды назарын аудартады және қылмыскерді қорқытады.

Тағы бір кеңес- баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз. Сондай-ақ балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.

Баланы зорлық -зомбылықтан қорғауға көмектесетін тағы бір ереже – құпия сөз. Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.

Авторлардың пікірінше, балалардың Интернетте еркін отыруына жол бермеу керек. Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз. Балаға интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керек екенін түсіндіріңіз.

Соңғы бірақ маңызды жадынама-баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жана фотосуреті болады.

«Бала барлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз. Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек«, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетсек, мәжіліс педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады.

Сондай-ақ оқыңыз