Белгілі кәсіпкер Бауыржан Амангелдінің «Тағдыр тасқыны» бизнес-романы жарыққа шықты

Жарияланды (жаңартылды )
Бауыржан Амангелдінің «Тағдыр тасқыны» кітабы жарыққа шықты/Фото:asylbekd.wfolio.pro/

Белгілі қазақстандық кәсіпкер Бауыржан Амангелді «Тағдыр тасқыны» атты жаңа кітабын жарыққа шығарды. Бизнес-роман қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейдің кітап дүкендерінде сатылымға шығып үлгерді.

Тағдыр тасқыны бизнес-романы оқырманға таныстырылды

«Тағдыр тасқыны» – автордың өзі куә болған түрлі оқиғалар туралы өмір жазбасы. Автор өз  өмірбаянын Қазақстанда болған тарихи оқиғалар призмасы және бас кейіпкердің тәжірибесі арқылы жеткізеді.

Айта кетейік, романды ЭКСМО баспасы басып шығарды. Ал тұсаукесері Kazakhstan CF «Біріншілер клубында» өтті.

Бауыржан Амангелді – белгілі қазақстандық кәсіпкер. Еліміздегі ең ірі экобетон өндірісі «Экотон+» және «AEGaz Terminal» АҚ негізін қалаушы.

«Тағдыр тасқыны» бизнес-романында қызықты әңгімелермен қатар автор кәсіпкерлік жолда қолданған шешімдерінің нақты мысалдарын келтіреді. Кәсіпкерлік психологияға сүйенеді. Кәсіпкер өз компанияларының құлдырауға немесе өрлеуге әкелген жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттайды.

Бұл бизнес-роман кәсіпті енді бастаған, сондай-ақ кәсіптің белортасында жүргендерге де қызық болары анық. Себебі кітапта елге танымал әрі елеулі есімдер мен жағдайлар сипатталған.

Автор басылымның сатылымынан түскен барлық қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға арналған үйлер салып жүрген «Асар-Үме» қорына.

«Маған бір әріптесімнің «жасымыз қаншалықты есейсе – соншалықты қайырымдылыққа көп уақыт бөлуіміз керек» деген сөзі қатты әсер етті. Яғни қазір жасым 52-де болса, уақытымның жартысынан көбін игі істерге арнауым керек», – дейді автор.

Сондай-ақ оқыңыз