«Шахмат спортын дамытудың жаңа серпіні». Тимур Турлов ҚР Балалар Кубогының I кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады

Жарияланды (жаңартылды )
Кубоктың VI қорытынды кезеңі Шымкентте өтеді / Фото: ҚШФ

Таразда классикалық шахматтан ҚР Балалар Кубогының I кезеңі аяқталды. Оған Қазақстанның 17 облысынан 325 шахматшы қатысты. Командалық турнирде бірінші орынды алматылықтар иеленді.

ҚР Балалар Кубогының салтанатты жабылуы 29 наурызда өтті. 23 наурызда Таразда басталған турнирге Freedom broker қолдау көрсетті. I кезеңде Қазақстанның 17 облысынан 325 шахматшы бақ сынасты.

Командалық турнирде орындар былай  бөлінді:

1 орын-Алматы

2 орын – Қызылорда

3 орын – Павлодар

«Биылғы жылы біз өңірлерде шахматты дамытуға және  жарыс деңгейін көтеруге басымдық беріп, талаптарды біршама өзгерттік. Бұл шахматты бірінші кезекте біздің балаларымыз бен болашақ ұрпаққа танымал ету үшін де өте маңызды. Тараздағы Балалар Кубогының I кезеңі 300 қатысушының ең мықтысын анықтап қана қоймай, бүкіл Жамбыл облысында шахмат спортының дамуына жаңа серпін берді. Бұл білім культін ілгерілету, таланттарды тануға және әлеуметтік саланың дамыту  үшін де  өте маңызды. Мұндай турнирлер бәсекелестікті арттырып,  тәжірибе алуға  мүмкіндік беретіні тамаша қадам», – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Қазақстан Кубогының алда алты кезеңі бар. Балалар Кубогының II кезеңі Қызылорда облысында өтеді. Одан кейін Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жалғаспақ.

VI Кубоктың қорытынды кезеңі Шымкент қаласында өтеді. Финалдық кезеңнің жеңімпаздары  әлем чемпионатына баруға мүмкіндік алады.

Жартылай финалистердің жинаған балдары жас таланттарды қолдау бағдарламасына өтуге мүмкіндік береді. Жас таланттарды қолдау бағдарламасы Қазақстан Республикасының 9 жастан 16 жасқа дейінгі үздік спортшыларына арналған. Бағдарламаны Freedom broker қолдауымен Қазақстандық шахмат федерациясы жүзеге асырады.

Бағдарламаға ваучерлік жүйенің түрі бойынша жаттықтырушылармен сабақтар, ай сайынғы төлемдер, оқу-жаттығу жиындары, халықаралық және республикалық турнирлер, психологиялық және дене шынықтыру даярлығы, шахмат бағдарламалары мен әдебиет және т. б. кіреді.

Жеке негізгі турнирлердің жеңімпаздары

10 жасқа дейінгі ұлдар:

1. Ұлан Ризат, Алматы

2. Бисалиев Айсұлтан, Алматы

3. Мақсатұлы Рахым, Алматы

10 жасқа дейінгі қыздар:

1. Жұмамбаева Әлия, Павлодар

2. Мәмеш Адия, Астана

3.  Тоқтарбаева Аружан, Қызылорда

14 жасқа дейінгі ұлдар:

1. Байсалбеков Мақсат, Ұлытау

2. Қажымұратов Әлтайыр, Алматы

3. Мейірханұлы Ақылжан, Қызылорда

14 жасқа дейінгі қыздар:

1. Абылайқызы Бибісара, Тараз

2. Асылхан Азия, Түркістан

3. Төлекенова Айза, Шығыс Қазақстан облысы

2024 жылдың ақпан айында Талдықорғанда Төлеуғазы Қарипбаевтың алғашқы мемориалы аясында шахматтан төрт турнир өтті.

Өткен жылдың соңында Қазақстанда «шахмат керуені» атты ауқымды екі айлық жоба өтті. Оның басты мақсаты – ел аймақтарында шахмат ойынын  жетілдіру.

Сондай-ақ оқыңыз