31 наурызда Алматыда жауын жауады. Ал Астана мен Шымкентте күн бұлтты болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Астанада ауа райы жауын-шашынсыз, түнде желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, күндіз секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде -4-6 градус, күндіз +3+5 градус.
Алматыда жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 3-8 метр, түнде секундына 15 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +7+9 градус.
Шымкентте күн бұлтты болады, жауын-шашын жоқ. Желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -1+1 градус, күндіз +12+14 градус.
Айта кетейік, еріген қар суы мен тасыған өзендердің салдарынан еліміздің біршама өңірін су басты.
Су тасқыны басталғаннан бері 7800 адам қауіпсіз жерге жеткізілді деп жазған едік.
«Су тасқыны басталғаннан бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 7800 адам, оның ішінде 2812 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті және Ұлттық Ұлан әуе кемелерімен 644 адам құтқарылды. Оның ішінде 236 бала . ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 млн астам текше метр еріген қар суы тартылды. 300 мыңға жуық қапшық және 45 тонна арнайы материал төселді. Ақмола. Қостанай, Абай, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауында», – деді Қаһарман Оразалин.
Сондай-ақ еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы ТЖМ «жедел желі» сенім телефоны іске қосылды.