Наурызда инфляция баяулады: бір жылда бағалар қалай өзгерді? 

Жарияланды
Республикада жылдық инфляция 9,1%-ды құрады/ Архив: kursiv.media

Наурызда Қазақстанда айлық инфляция 1,1%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Ақылы қызметтер бағасы бір жылда 13,2% (2024 жылғы ақпанда – 12,8%), азық-түлік емес тауарлар – 8,2% (2024 жылғы ақпанда – 8,5%), азық-түлік тауарлар бағасы – 6,9% өсті (2024 жылғы ақпанда – 7,4%).

Бір айда ақылы қызметтер бағасы 1,1%, азық-түлік тауарлары – 0,6%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5% өсті.

Инфляция динамикасы

Санаторийлер қызметтері – 15,1%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтері – 13,6%, денсаулық сақтау қызметтері – 12,7%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 12,6%, ұялы байланыс қызметтері – 12,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері 11,6% қымбаттады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру – 16,8%, таксимен – 12,3%, қалалық автобуспен – 9,3%, қалааралық автобуспен – 6,7%, жолаушылар теміржол көлігімен қатынау құны 5% өсті.

Өткен жылғы наурызбен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 42%, суық суға – 36,5%, орталықтан жылытуға – 33,2%, ыстық суға – 31,9%, қоқыс шығаруға – 30,7%, электр энергиясына 26,1% өсті.

Отандық жаңа жеңіл автомобильдер бағасы – 16,8%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 11,2%, киім және аяқ киімге – 10,9%, жеке қолданылатын тауарларға – 9,9%, ыдысқа – 7,5%, құрылыс материалдарына 6,6% өсті. Дизель отыны – 15,1%, бензин – 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 13% қымбаттады.

Күріш бағасы – 22,7%, жұмыртқа – 19%, жаңа жиналған жемістер – 17,9%, минералды және ауыз су – 17%, салқындатылған сусындар – 15,7%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері – 14,2%, жаңа ауланған балық – 12,8%, жеміс және көкөніс шырындар – 12,2%, сары май – 11,6%, пастерленген сүт – 10,8%, консервіленген сүт, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері – 10,2%-дан, майлылығы 2,5% айран – 10,1% тіркелді. Бағаның төмендеуі басты пиязға – 45%, қарақұмық жармасына – 25,1%, күнбағыс майына – 24,6%, картопқа – 10,9%, құмшекерге 10,1% байқалды.

Өңірлер бойынша көрсеткіш

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы наурызда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты. Олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,8%), Маңғыстау (10,1%) және Павлодар (9,8%) облыстарында.

Жылдық инфляцияның өсуіне азық-түлік бағасы ықпал етті

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 8,9%, ет және ет өнімдеріне 6% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,7 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 19%, алкоголсіз сусындар 9,8% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (9,1%) – 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (5,4%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

Еске сала кетсек, ақпан айында Қазақстанда жылдық инфляция 13 өңірде бәсеңдеп, 4 облыста өсті.

Сондай-ақ оқыңыз