Әлемдегі ең бай адамдар тізіміне алты қазақстандық енді

Жарияланды (жаңартылды )
Казахстанские бизнесмены заработали $3,5 млрд
Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі жарияланды / Коллаж: kursiv.media

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады. Тізімге алты қазақстандық кірді.

Әлемдегі ең бай адам кім?

Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) тобының президенті Бернар Арно Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші тұр.

Арноның активтері 233 млрд долларды құрады. Бір жыл бұрын да LVMH басшысы рейтингте бірінші орынды иеленіп, оның байлығы 211 млрд долларға бағаланған.

Екінші орында SpaceX негізін қалаушы, Tesla компаниясының бас директоры және X (Twitter) иесі Илон Маск. Оның байлығы бір жыл бұрынғы 180 млрд-тан 195 млрд долларға өсті.

Тізімдегі үшінші орынды Джефф Безос иеленді. Forbes Amazon интернет-дүкенінің негізін қалаушының байлығын өткен жылғы рейтингтегі 114 млрд доллармен салыстырғанда 194 млрд долларға бағалады.

Ал Қазақстаннан алты адам тізімге кірген

Қазақстандағы ең бай адам кім? Тізімде 511-орында Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы – Вячеслав Ким тұр. Оның активтері 5,8 млрд долларға бағаланған.

Одан кейін 612-орын Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиген . Олардың әрқайсысының байлығы 5 млрд долларды құрайды.

Ал 896-орын бұған дейін елдегі ең ауқатты адам саналып келген Владимир Кимге бұйырған. Кәсіпкер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің негізгі иесі. Forbes дерегінше
оның байлығы 3,6 млрд долларды құрайды.  

Ең бақуатты қазақстандықтардың қатарында 36 жастағы Тимур Турлов бар. Forbes журналының нақты уақыт режиміндегі миллиардерлер рейтингінде ол 3,3 млрд доллар байлығымен 991-орында тұр. Бизнесмен Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және негізгі иесі.

Ең бай қазақстандықтар тізімін 1238-орында тұрған Болат Өтемұратов қорытындылады. Журнал оның байлығын 2,7 млрд долларға бағалады. Ол «ForteBank» АҚ 89,32% акциясына ие. Бұдан басқа қонақүйлер желісі, фаст-фуд желісі сынды активтері бар.

Bloomberg Billionaires Index (BBI) рейтингінің деректері бойынша 2023 жылдың қаңтарынан бастап әлемдегі ең бай он кәсіпкердің жалпы байлығы 420,5 миллиард долларға артты.

Бұл рейтинг кәсіпкерлер иелік ететін компаниялардың акцияларының құны негізінде есептеледі. Әлемдегі ең бай адам әлі күнге дейін америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск. Жыл басынан бері оның байлығы 98,4 миллиард долларға өсіп, 235 миллиард долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз