Freedom Holding Corp. компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге жібереді

Жарияланды
коллаж kursiv.media (ҚР ТЖМ, freedom24.com)

Қаражат «Freedom Шапағат» арнайы қайырымдылық қорынан (Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компаниясы) «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының шотына аударылады.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры:

«Қазір біздің отандастарымыз, яғни үлкен отбасымыздың бір бөлігі үлкен сынақтан өтіп жатыр, ал біз мұндай жағдайда бей-жай отыра алмаймыз. Біз осындай қиын уақытта қашанда бірге болып, көмекке мұқтаж жандарға қолымыздан келгенше көмек көрсетуіміз керек. Отандастарымыз қалыпты өмірге тезірек оралуы үшін біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бұл қиындықты жұмыла жеңеміз деген сенімдемін».

Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлерінде көктемгі су тасқынына қарсы күрес жүріп жатыр. Олардың ауқымы 30 жылда ең үлкен болып саналған 2012 және 2017 жылдардағы су тасқыны деңгейінен асып түсті. ҚР ТЖМ деректері бойынша бүгінгі күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Су басу аймағында бес облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз