Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасында алтын медаль үшін 470 мың доллар алады

Жарияланды
Казахстанские боксеры получат 470 тысяч долларов за золото на Олимпиаде в Париже
Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасында алтын медаль үшін 470 мың доллар алады / коллаж kursiv.media

Қазақстан Бокс федерациясы Париждегі олимпиада ойындарында алтын медаль алған спортшыларға 220 мың доллар төлейді. Бұл мемлекеттен алтын алған спортшыларға төленетін 250 мың долларға қосымша, яғни үздік шыққан боксшылар 470 мың доллар алады.

Қазақстан бокс федерациясы Париж олимпиадасында жоғары нәтиже көрсететін спортшыларға қанша сыйақы төлейтінін жариялады:

  • Алтын медаль: 220 мың доллар
  • Күміс медаль: 120 мың доллар
  • Қола медаль: 70 мың доллар
  • Төртінші орын: 30 мың доллар
  • Бесінші орын: 10 мың доллар. 

Ұлттық құрама жаттықтырушылары жүлде алған әр боксшы сыйлығының 30% тең сыйақы алады. 

Қазірдің өзінде федерация олимпиадалық лицензияларды жеңіп алған боксшыларға және олардың жаттықтырушыларына жүлделер беріп үлгерді. Спортшылар 20 мың доллардан, ал бас бапкер Мырзағали Айтжанов 10 мың доллар алды. 

Айта кетейік, Қазақстанда олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік бюджеттен де сыйақы төленеді

  • Алтын медаль: 250 мың доллар 
  • Күміс медаль: 150 мың доллар 
  • Қола медаль: 75 мың доллар 
  • Төртінші орын: 30 мың доллар 
  • Бесінші орын: 10 мың доллар
  • Алтыншы орын: 5 мың доллар

Парижде Қазақстан намысын жеті боксшы: Сәкен Бибосынов, Карина Ибрагимова, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев қорғайды.

Боксты қосқанда, Қазақстан 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін олимпиадаға әзірге спорттың 11 түрі бойынша 31 лицензия жеңіп алды.

Бокс федерациясы

Еске салайық, 5 ақпанда белгілі бизнесмен Кеңес Рақышев «Қазақстан бокс фередациясы» басшылығынан кетіп, оның орнына федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланған.

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС-нің иесі.  Үйленген, 3 баласы бар. 

eGov мәліметтеріне сәйкес, оның компаниясы темір жол мен метро құрылысымен, сондай-ақ басқа да инженерлік құрылымдардың құрылысымен айналысады. 1997 жылы тіркеліп, 2022 жылы Шахмұрат Мүтәліптің тұсында қайта тіркеуден өткен. 

Құрылтайшылары – Мүтәліптің өзі және Management&Construction Ltd жеке компаниясы. Компанияның веб-сайтында көрсетілгендей БАӘ, Грузия, Италия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Словакия және Ресейде филиалдары бар.

Сондай-ақ оқыңыз