Google «инкогнито туралы талаптан» кейін қолданушылардың әрекеті жайлы жазбаларды жояды

Жарияланды
Google «инкогнито туралы талаптан» кейін қолданушылардың әрекеті жайлы жазбаларды жояды / shutterstock

Google миллиондаған адамның сотқа жіберілген «инкогнито туралы талаптарынан» кейін қолданушылардың әрекеті жайлы жазбаларды жояды.

Компанияға қатысты сот ісі 2020 жылы басталған. Өтініш берушілердің айтуынша, компания Chrome браузерінде «инкогнито» режимін қолданған миллиондаған адамның жеке деректерін бақылаған.

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Google компаниясы жеке деректерді бақылап отырды деген мәлімдемеден кейін сот ісі шешу мақсатында қолданушылардың онлайн әрекеттері туралы «миллиардтаған» жазбаларды жоюға келіскен.

Google-дің миллиондаған қолданушыларының ұжымдық талабы 2020 жылы компанияны сотқа берді. Өтініш берушілер компания Chrome веб-іздеу жүйесіндегі «инкогнито» режимін пайдаланатын адамдардың деректерін жасырын түрде жинады деп шағымданды. Осылайша Google-ді «ақпарат қоймасына» айналдырып, компания қолданушылардың достары, сүйікті тағамдары, хоббиі, сатып алу әдеттері және желіде іздеген мәліметтері туралы ақпарат алған.

Google «жеке» шолу кезінде қандай ақпаратты жинау керек екендігі туралы жүйені жаңартатынын мәлімдеді.

Шағым түсірушілер Google-ден 5 млрд доллар шығын өтеуді талап еткен. Бірақ бұл сот келісімге енбей қалған.

Айта кетейік, The New York Times Сан-Франциско қазылар алқасы Google-ді смартфондарға арналған қолданбалар дүкені нарығындағы бәсекелестікті өзінің Google Play дүкенінің пайдасы үшін шектегеніне кінәлі деп тапқанын жазған еді. Егер Google-ге қолданбалардың балама дүкендеріне алдын ала орнатуға рұқсат беруге тура келсе, онда компания әзірлеушілерден комиссия түрінде алып отырған табыстарының жартысынан қағылады. Apple бұл процесті назарда ұстап отыр, өйткені Apple-дің App Store дүкені де қолданбаларға төленетін комиссияларға тәуелді.

Сондай-ақ оқыңыз