Судың тасқынына қарамастан, елдегі қоймаларға су толық жиналмаған – министр себебін түсіндіріп берді
Су тасқынына қарамастан елдегі су қоймалары шамамен 70-80 пайыз көлемінде ғана толтырылған. Бұл жаздағы вегетациялық кезеңде қиындықтар тудыруы мүмкін бе? Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жауап берді.
Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте журналистер министрден елдегі су қоймаларының жай-күйі жайлы сұрады.
«Неге еліміздегі су жинау нысандары дұрыс су жинай алмай жатыр. Суды жинау жұмыстары дұрыс жүргізілмегені сеьепті де, 5 облыс су астында қалып отыр»,- деді журналист.
Өз кезегінде министр Нұржігітов бақыланатын су қоймаларында су деңгейін министрлік бақылап отырғанын, ал егістіктер мен алқаптардағы суды бақылай алмайтынын жеткізді.
«Мемлекет меншігінде 94 су қоймасы бар. Олардағы су қоры көлемі – 86 текше километр. Бұл Қазақстан бойынша жиналатын жалпы су көлемінің 97 пайызын құрайды. Министрліктің басты міндеттерінің бірі – су қоймасын пайдалану негізінде гидрологиялық нысандардың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтатамасыз ету. Сонымен бірге министрллік жауапкершілігіне қоймада жиналған артық суды елді мекендерге қауіп тигізбейтіндей көлемде жіберу міндеті де кіреді. Наурыз айында біз жаңадан келетін суды қабылдап алу үшін қосымша 400 млн текше метр суды ағызып жібердік. Біз мұндай қоймалардағы су деңгейін өзіміз бақылай аламыз. Бірақ біз егістіктер мен алқаптардағы қарғын суды бақылай алмаймыз»,- деді министр.
Сонымен бірге министр наурыз айында су қоймаларына 3 текше километр су жиналғанын, әлі 2 текше километр су қалдықтары бар екенін айтты.
«Бұқтырма су қоймасында 20 куб километрден астам су бар. Сонымен бірге Көксарай су қоймасында 1,5 текше киломтер суы бар. Ал Батыстғы 7 ірі су қоймасы 68 пайызға толған. Бұл өткен жылғы көлемнен 7 пайызға аз. Өйткені біз Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясынан су келеді деп күтіп отырмыз. Солтүстік Қазақстандағы 11 су қоймасы 84 пайызға толған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 пайызға артық. Шығыс Қазақстандағы 3 ірі су қоймасы 65 пайызға толған. Бұл өткен жылғы көлеммен бірдей. Бүгінгі күні ШҚО-да ерімеген қар көп. Сол себепті қоймаларда су деңгейін осы көлемде ұстап отырмыз»,- деді Нұржігітіов.
Журналист қоймалардың не себепті толық толтырылмай жатқанын, елді мекендерге жайылып жатқан суды жинап алу мүмкіндігі жайлы сұрады. Қазір су басып жатқанымен, жазда өткен жылғыдай құрғақшылық болуы әбден мүмкін екенін жеткізді.
«Бізде егістіктер мен алқаптарға жайылған суды жинау технологиясы жоқ. Ол суды құрғақшылыққа бейім оңтүстік өңірлерге бағыттау мүмкін емес. Өткен жылы құрғақшылық оңтүстік аймақтарда болды. Басқа аймақтарда құрғақшылық болмады. Оңтүстікте қуаңшылықтың алдын алу үшін трансшекааралық өзендер маңында су жинау жұмыстарын жүргіздік. Биыл оңтүстікте өткен жылмен салыстырғанда су көлемі әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан біз осы 8 пайызға артық су жинап алдық»,- деді министр.
Сынға ұшыраған «Қазсушар»
Журналист тікелей су жинауға және вегетациялық кезеңге жауапты мекеме «Қазсушар» жұмысын сынға алды. «Бұл мекемеге қатысты көп сын айтылады. Мекеме өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмады. Ол елдегі су тапшылығы мәселесін шеше ала ма?» деп сұрады журналист.
Нұржігітов бұл сынғы қатысты ештеңе атйпады. Бірақ мекемеге екі міндет жүктелгенін айтты.
«Қазсушардың» алдында бүгінгі таңда 2 міндет тұр. Біріншісі – су қоймаларында су жинау. Екіншісі – вегетациялық кезеңде егістіктерді сумен қамту. Су тасқыны кезеңі аяқталған соң, вегетациялық кезеңге дайындықты бастаймыз,- деді министрлік басшысы.
Сонымен бірге журналист министрліктің де жұмысына сын айталығанын, жұмысын дұрыс орындай алмағаны себепті Президенттен қатаң сөгіс алғанын есіне салды.
«Маған қатаң сөгіс жарияланды. Ендігі міндет – қымбатқа түсетін шараларды болдырмау. Жұмысты жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп қолға алған жөн. Қазір барлық мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша шаралар қабылданатын шығар. Өңірлердегі су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралардың қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын атап өткім келеді»,- деді ол.
Тексеріс
Еске сала кетсек 20 желтоқсанда бұрынғы ЖАП басшысы Наталья Годунова «Қазсушар» РМК мекемесіне аудит жүргізілгенін айтты. Нәтижесінде аудиторлық жоғары палата біршама олқылықтар анықталғанын айтқан болатын. ЖАП төрағасының айтуынша есеп комитеті 2018 жылы аудит жүргізген. Олар су шаруашлығына қатысты су ресурстарын тиімді басқару тетіктері мен активтерін тексерген. Ал 2022 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен оңтүстік аймақтардың су ресурстары бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізген. Осы жылы «Қазсушар» РМК халықаралық несиелерді пайдаланудағы қаржылық шаруашылық қызметінің тиімділігіне аудит жасаған. Нәтижесінде 3 млрд 300 млн теңге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Сонымен бірге 56 млрд теңге бюжет пен қарызға алынған қаражат тиімді пайдаланбаған болып шықты. Ал 2,5 млрд теңге қаражат бойынша экономикалық шығынға ұшырап, тиімді табыстан айырылған. Аталған қаражаттың бюджетке 1 млрд 700 млн теңгесі ғана қайтарылды.
«Бюджеттен қомақты қаражат құйылса да, барлық негізі проблема су ресурстарын басқару жүйесінің тиімсіз ұйымдастырылуымен байланысты», – деп атап өтті Годунова.
Сонымен бірге халықаралық несиелеу нәтижелері де көңіл көншітпейді. Мәселен Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам даму банкінің несиелендіруімен «Қазсушар» РМК 2017 жылдан бері жалпы құны 317 миллион АҚШ долларын құрайтын 61 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бірақ ЖАП аудиті кезінде 5 жылдан бері небары 18 жобаның ғана аяқталғаны анықталған. Ал 37-сі іске асыру сатысында, 6-уы бойынша жұмыс әлі басталмаған. Себебі – сол баяғы сапасыз жоспарлау мен адал емес мердігерлер. Сонымен бірге аудит нәтижесінде ЕҚДБ-ның 3 млрд теңге несиелік қаражатына жоспарланған 8 жобаға деп сатып алынған құрал-жабдықтар мен салынған инфрақұрылымдар негізгі мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Ал осы жылдың басында Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметіне аудит жүргізетінін мәлімдеді.
«Аудиттің басты мақсаты – ашықтық, кәсіпорын мен су саласын қаржылық сауықтыру. Жоғары аудиторлық палата мен Парламент депутаттары тарапынан сұрақтар мен ескертулер бар. Сондықтан барлық кемшілік пен бұзушылықты жою қажет», – деді Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.