Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі сәл өсті

kursiv.media

Қазақстанда ең төменгі күнкөрістің деңгейі наурыз айында 48 692 теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ресми есеп бойынша елімізде тұрғындар азық-түлік алуға 26 781 теңге, басқа тауарлар мен ақылы қызметтерге 21 911 теңге жұмсайды. Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі – 59 404 теңге. Ең жоғары деңгей осы облыста. Ал Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 43 611 теңге жеткілікті. Күнкөріс деңгейінің есебі бойынша ең аз көрсеткіш Ақтөбеде. Ал Астана 53 173 теңгені, Алматы 51 615 теңгені, Шымкент 48 545 теңгені қанағат тұтады.

Айта кетейік, күнкөріс деңгейі ең төменгі тұтыну себетіне тең. Себет бойынша азық-түлік, коммуналдық қызмет, көлік, медициналық, білім беру тауарлары мен қызметтер бағасы есепке алынады. Елімізде кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы болып есептелінеді.

Сондай-ақ наурызда Қазақстанда айлық инфляция 1,1%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді.

Ақылы қызметтер бағасы бір жылда 13,2% (2024 жылғы ақпанда – 12,8%), азық-түлік емес тауарлар – 8,2% (2024 жылғы ақпанда – 8,5%), азық-түлік тауарлар бағасы – 6,9% өсті (2024 жылғы ақпанда – 7,4%).

Бір айда ақылы қызметтер бағасы 1,1%, азық-түлік тауарлары – 0,6%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5% өсті.

Өңірлер бөлінісінде 2024 жылғы наурызда инфляция жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он өңірде қалыптасты. Олардың ішінен ең жоғары Қарағанды (10,8%), Маңғыстау (10,1%) және Павлодар (9,8%) облыстарында.

Жылдық инфляцияның өсуіне азық-түлік бағасы ықпал етті

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға – 8,9%, ет және ет өнімдеріне 6% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,7 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға жұмыртқалар – 19%, алкоголсіз сусындар 9,8% қымбаттауы және 0,2 пайыздық тармақтан, сүт өнімдері (9,1%) – 0,4 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (5,4%) – 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

Еске сала кетсек, ақпан айында Қазақстанда жылдық инфляция 13 өңірде бәсеңдеп, 4 облыста өсті.