Каспий теңізіне мұнай төгілгені расталмады: Энергетика министрі тексеріс жүріп жатқанын айтады

Жарияланды
Шығарушы редактор
Каспий теңізіне
Министр Каспий теңізіне мұнай төгілмегенін айтады Фото: кursiv.media

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Каспий теңізіне мұнай төгілгені расталмағанын мәлімдеді. Десе де акваторий аймағы тексеріліп, су сынамасы алынған.

«Қазіргі кезде бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Яғни ғарыш кеңістігінен түсірілген суретке сарапама жүріп жатыр. Бұл жердегі бейне айқын емес, табиғи құбылыс ретінде байқалып тұр. Бүкіл акваторий бойынша су сынамасы алынған. Әзірге мұнай төгілгені расталмады. Ол жақта әлі экологтар жұмысын жалғастырады»,- деді министр.

Сәтқалиев жер серігі суретінде көрсетілген аймаққу су көлігімен барып, сынамалар алынғанын айтады. Егер қажет болса, аймақты мамандар әуе көлігімен шолып шығады.

Бұған дейін Қашаған кен орының операторы – NCOC «мұнай төгілді» деген ақпаратты жоққа шығарған. Компания Қашаған теңіз кешенінде мұнай, сарқынды су, басқа да сұйықтық төгілген жоқ деп мәлімдеді. Қашаған кен орындағы D аралы толық тексеріліп, мұнай төгілгені дәлелденбеген.

2 сәуірде «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының атқарушы директоры Галина Чернова Қашаған кен орны маңында сұйықтық төгіліп жатыр деп дабыл қаққан. Экобелсенді ғарыштан жүргізілген мониторинг аясында «30.04 (02:43 UTC) Еуропалық Sentinel-1A спутнигінің радарлық суреті қазақстандық кен орны мен «Қашаған» мұнай өндіру учаскесі маңындаға төгіндігі байқатты» деп жазады. Сарапшы өндіріс барысында мұнай, болмаса құрамында мұнай қалдықтары бар сарқынды су төгілген деп пайымдаған. Сонымен қатар бұл мәселеге ресми орындардың назар аударуын сұрады.

Осы орайда Атырау облысы бойынша экология департаменті Қашаған кен орны аумағында визуалды тексеріс және сынама алынатынын хабарлаған.

NCOC компаниясы ғарыштан түсірілген суреттегі бейне «табиғи құбылыс» деп отыр. Ертесі күнгі суреттерде мұндай құбылыс байқалмаған.

Қазіргі кезде теңіз нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 2016 жылы өнім өндіру басталғалы бері NCOC өндірістік нысандарынан бірде-бір рет көмірсутек төгілмеген көрінеді. Сондай-ақ компания өз қызметін эмиссиялар үшін берілген рұқсаттарда белгіленген нормалар мен стандарттар, қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде жүргізетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз