ForteBank директорлар кеңесінен 3 адам кетіп, жаңа өкілдер сайланды

Жарияланды
ForteBank директорлар кеңесінен 3 адам кетті / forte.kz

ForteBank акционерлерінің кезектен тыс жиналысында директорлар кеңесінің құрамы өзгеріп, дауыс беру нәтижесінде жаңа өкілдер таңдалды.

Жиналыста Е. Абдразақов, Е. Оспановтың және М. Мырзабековтің Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өкілеттігін тоқтату туралы мәселе талқыланған.

2024 жылғы 03 сәуірде Ельдар Советұлы Абдразақовтың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде – банктің тәуелсіз директоры өкілеттігі, Еран Маратұлы Оспановтың банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, Болат Өтемұратовтың мүдделерінің өкілі, банк акционері ретіндегі өкілеттігі, Марлен Оразбекұлы Мырзабековтің Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, Болат Өтемұратовтың мүдделерінің өкілі, банк акционері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осыдан кейін босаған орындарға жаңа өкілдерді сайлау басталды. 2024 жылғы 03 сәуірден бастап банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – банктің тәуелсіз директоры болып Федор Викторович Попандопуло, Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – банктің тәуелсіз директоры болып Ерлан Төлегенұлы Тұяқбаев сайланды. 

Сонымен қатар жиналыстан кейін бірден өткен отырыстағы Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Тимур Исатаев «ForteBank» Директорлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды. 

«ForteBank» АҚ-ның қазіргі Директорлар кеңесі бес мүшеден келесі құрамда: 

  • Тимур Исатаев – Директорлар кеңесінің төрағасы, акционер мүдделерінің өкілі; 
  • Әнуар Өтемұратов – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
  • Талғат Қуанышев – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Федор Попандопуло – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор;
  • Ерлан Тұяқбаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор.

20 наурызда ForteBank акциялары KASE-дегі үш апталық өсімнен кейін 16,7%-ге арзандаған. 1,8 млрд долларға дейін көтерілген құнды қағаздар, 1,5 млрд долларға дейін құлдырады.

«Бірақ негізгі акционер одан аса шығынға ұшыраған жоқ», – деп жазды Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS).

Банк KASE индексіне кірмейді. Бұл биржа листингіндегі екінші эшелон (стандартты санат). Бұл ретте ForteBank-тің несиелік рейтингтері: S&P – BB- (болжам оң), Moody’s – Ba2 (оң), Fitch Ratings – BB (тұрақты).

Сондай-ақ оқыңыз