Тоқаев Сенаттың тұңғыш спикері Өмірбек Байгелдінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Жарияланды
соболезнования
Тоқаев Сенаттың тұңғыш спикері Өмірбек Байгелдінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты / коллаж kursiv.media

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының тұңғыш спикері Өмірбек Байгелдінің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айтты.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, президент мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған.

«Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға, Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуына зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр иесі өзінің нағыз парасатты тұлғаға тән қадір-қасиетімен барша жұрттың сый-құрметіне бөленді. Соңына жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, 85 жасында қайтыс болған мемлекет қайраткері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы болған.

Ол 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдан бастап Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Парламент Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Жалпы Сенатта 16 жылдан астам қызмет атқарды.

Осыған дейін 31 наурыздан президент жазушы Сәбит Досановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Сондай-ақ оқыңыз