Түркияда оппозициялық кандидат сайлаудан шығарылғаннан кейін қарсылық акциялары басталды

Жарияланды
Umit Bektas/Reuters
Түркияда оппозициялық кандидат сайлаудан шығарылғаннан кейін қарсылық акциялары басталды / Umit Bektas/Reuters

Түркияда Ван провинциясының сайлау комиссиясы DEM партиясының кандидатын науқаннан шығарып тастағаннан кейін бірнеше қалада қарсылық акциялары болды.

NTV арнасының ақпаратына сүйенсек, наразылық Ван провинциясында күрт партиясының кандидаты Абдулла Зейданның сайлаудан шеттетілуі туралы шешімінен кейін басталды.

Хаккари, Диярбакир, Сиирт, Батман, Битлис, Ширнак және Измир қалаларында демонстранттар көшеде от жағып, бөгеттер қойып, гүлзарларды бұзып, көліктерге зақым келтірген.

Қарсылық акцияларына шыққан азаматтар орталық алаңдарға жиналып, кейін шеруге ұласқан. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, елде 89 адам ұсталған.

Түркияда сайлау қорытындысы

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Әділет және даму партиясы муниципалдық сайлауда алғаш рет оппозициядан жеңілген. Ердоғанның партиясы оппозициядағы Халықтық-республикалық партиясынан жеңіліп, Ердоған партиясы 35,6%, оппозициялық партия 37,6% дауыс жинаған.

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Ердоған партиясының жеңілуіне инфляция мен қарыз алудың көбеюі негізгі оппозициялық партияның сайлауында бұрын-соңды болмаған жеңіліске ұшыраған.

«Сайлаушылар оның партиясы мен кандидаттарын муниципалдық сайлаудағы экономикалық қиындықтары үшін жазалаған сияқты», – деді Eurasia Group компаниясының Еуропа бойынша директоры Эмра Пекер.

Билік партиясы 2019 жылы 39 қаланың басқарса, енді 24 қалада әкім креслосын алады деп күтілуде. Оппозиция өткен сайлауда 21 қала әкімі болса, енді 35 провинцияны басқаруы керек.

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, сайлаушыларға Ердоған үкіметінің Газадағы соғысқа қарамастан, Израильмен сауданы тоқтатпауы да әсер етіп отыр. Сайлаушылар билік партиясын осылай жазалауды жөн санаған.

Ердоған Палестина мемлекетін құру туралы

Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс, бұл – соғыс қылмысы, қылмыскерлер халықаралық құқық алдында жауап беруі керек. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Дубайда өткен дүниежүзілік Климат жөніндегі саммите мәлімдеген.

«Түркия Палестина мемлекетін құру жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын!» – деп қорытты сөзін Режеп Тайып Ердоған.

Сондай-ақ оқыңыз