Ресей газының Еуропадағы үлесі 15% өскен – Reuters

Жарияланды
Ресей газының Еуропадағы үлесінің 15% өскен – Reuters / shutterstock

Еуро одақ импортындағы ресейлік газдың үлесі шамамен 15% дейін өскен. Бұл одақ елдері арасындағы өзара тауар тасымалдау жеңілдіктеріне байланысты.

Reuters ақпаратына сүйенсек, қайта экспорттау кезінде газ ресейлік таңбасын жоғалтып, сатып алушылар шектеуден арылады. Еуро одақ ресейлік құбыр газын тоқтатқанымен, оны сұйытылған табиғи газға ауыстырады.

Ресейлік сұйытылған сұйытылған табиғи газ (СТГ) импортының өсуіне ішінара жеңілдіктер мүмкіндік берген. 2023 жылы ЕО порттарына 15,6 миллион тоннадан астам ресейлік СТГ келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда көп, алайда 2021 жылмен салыстырғанда 37,7% артық. Яғни соғыс басталғалы бері ресейлік СТГ Еуропаға көп мөлшерде келе бастаған.

Reuters бұл өсім ЕО заңнамасын бұзбайтынын атап көрсетеді. Себебі одақ ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін импорттауға тыйым салғанымен, газ бен СТГ жеткізуге тыйым салмаған. Ресей газынан бас тарту жоспары 2027 жылға қалдырылған.

Газ жеткізу бағыттары қатарында Бельгия, Франция, Испания және Нидерланды порттары бар. Бұл елдердің ішінде Испанияның теңіз көлігімен жеткізілетін ресейлік газдың ең ірі реэкспортері екені белгілі. Кемелерді бақылау спутниктерінің мәліметі бойынша, өткен жылы төрт компания: Gunvor, MET, ENET және DXT — Испанияда 1,3 миллион тонна ресейлік СТГ сатып алып, қайта саудаға шығарған.

Қазақстан мұнайының ЕО экспорты

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай экспорты да өсіп, 70,5 миллион тоннаны немесе 109,6%-ды құрағанын мәлімдеген. Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталғанын атап өтті. Бұл жоба өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды.

«Қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы «Шведт» МӨЗ бағытындағы Дружба мұнай құбыры арқылы Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалдау қамтамасыз етілді. Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалдады, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы мұнай экспортын 3,4 млн тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық мұнайдың Қытайға экспорты 1,2 млн тонна көлемінде, Өзбекстанға т/ж бойынша 0,065 млн тонна көлемінде қамтамасыз етілді», – деді Энергетика министрі алқа отырысында.

Сонымен қатар, Ресей мұнайының ел аумағы арқылы транзит көлеміне тоқталды. Көрші мемлекет мұнайы біздің ел арқылы Қытайға – 10 миллион тонна, Өзбекстанға – 0,15 миллион тонна мұнай жеткізеді. Ал Дружба жүйесі бойынша мұнайды 1,2 миллион тонна көлемінде, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында тиісінше 2024 жылға 1,5 миллион тонна көлемінде тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз