Қазақстан Ресейден жоғары бағамен электр энергиясының импортын арттыруы ықтимал

Жарияланды (жаңартылды )
Интер РАО удвоит рентабельность при операциях с Казахстаном
Қазақстан Ресейден электр энергиясын қандай бағамен сатып алады? / Архив: kursiv.media

«Коммерсант» газетінің хабарлауынша, Қазақстан Ресей Федерациясынан электр энергиясын қымбатырақ бағамен сатып ала бастаған.

Бұған себеп – қос тарап арасындағы сауданың жаңа ережелері. 2023 жылдың екінші жартысында жеткізудің орташа құны шамамен үштен бірге өсіп, 1 кВт/сағ.5 рубльден асты.

«Қазақстан Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алуды әлі де ұлғайтады. Өйткені республика өз өндірісін ұзақ уақыт бойы тиісті деңдейде қаржыландырмаған. Салдарынан тапшылық бар», – деп хабарлады басылым.

«Коммерсант» дерегінше, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алу көлемін ұлғайтты. Бұл ретте электр энергиясының құны да арта түсті.

«Кедендік статистикаға сүйенсек, өткен жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Ресей Федерациясынан 3 млрд кВт/сағ астам электр энергиясын сатып алған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі жеткізуден 156%-ға артық», – деп жазылған мақалада.

Бұл бағытта жұмсалған қаражат көлемі – 172 млн доллар (175% өсім). Доллар валютасымен импорттың орташа бағасы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 7,5%-ға өсіп, 1 кВт/сағ үшін 0,057 долларға жетті. Ал рубльмен есептегенде шамамен үштен бірге, 5,4 рубльге дейін өсті.

Қазақстанның электр энергетикалық қуаты

Қазақстанның жалпы қуаты 24,6 ГВт құрайды. 2023 жылға өндіріс 112,82 млрд кВт/сағ, тұтыну 115,07 млрд кВт/сағ (жылдық көрсеткіштен 1,9%-ға өсті). «KEGOC» АҚ (Қазақстанның энергетикалық жүйесінің диспетчері) деректері бойынша Ресей Федерациясынан импорт – 2022 жылы 1,93 млрд кВт/сағ болды. Ал 2023 жылы 4,99 млрд кВт/сағ.

Қазақстан электр энергиясының көп бөлігін Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінен, ал аз бөлігін Сібірден сатып алады. Елдер арасындағы сауда ережелерінің өзгеруіне байланысты Ресей Федерациясынан жеткізілетін импорттың көлемі мен бағасы өсті.

Жоспардан тыс импотталған электр бағасы қымбат

Басылым ақпаратынша, 1 шілдеден бастап Қазақстан жоспардан тыс сатып алатын электр энергиясының көлемі қымбаттады, деп хабарлайды «ЭҚРҚО» АҚ (энергия нарығын реттеуші). Атап айтқанда, жеткізу бағасына Интер РАО (Ресей Федерациясының монополиялық экспорттаушы) кірістілігі әдеттегі 0,5% орнына 2,5% мөлшерінде белгіленген. Ресейлік энергияның Қазақстан үшін көтерме бағасы (тасымалдау тарифтерін қоспағанда) жоспардан 52 теңге немесе 10 рубльден жоғары болды.

Импорттың жалпы көлемі

Бұл ретте басылым Қазақстан Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алуды дұрыс жоспарламайтынын хабарлады.

«Қазақстанның Энергетика министрлігі «Коммерсантқа» шілдеден желтоқсанға дейін республика шамамен 2,96 млрд кВт/сағ сатып алғанын хабарлады. Осы кезеңдегі жоспардан тыс сатып алу көлемі 0,91 млрд кВт/сағ құрады. Яғни «ЭҚРҚО» АҚ мәліметтері бойынша жалпы жеткізілім көлемінің 30%-ға жуығы. Жоспардан жоғары импорттың жалпы құны 3,27 млрд рубльді құрайды. Орташа бағасы 3,53 рубль 1 кВт/сағ. 2023 жылдың желтоқсанында жоспардан тыс сатып алу 1,1 млрд рубльге 303,2 млн кВт/сағ құрады», – деп нақтылады басылым.

2024 жылдың қаңтар және ақпан айларында Ресей Федерациясынан Қазақстанға экспорттың жалпы көлемі 697,3 млн кВт/сағ құрады. Оның ішінде жоспарланған жеткізу жартысынан аз (250 млн кВт/сағ) болды. Бұл туралы «Коммерсант» газетіне елдің Энергетика министрлігі хабарлады.

Екі айдағы жеткізудің жалпы құны 1,65 миллиард рубльді құрайды. Орташа бағасы 3,66 рубль. Жалпы 2023 жылдың соңында Ресей Федерациясы электр энергиясының экспортын 21%-ға қысқартқан.

Еске сала кетсек, энергиямен жабықтаушы ұйымдар қауымдастығы еліміздің электр энергиясы саласында коллапс орын алады деп дабыл қақты. Оған себеп – 2024 жылдың 1 сәуірінен энергиямен жабықтаушы компаниялардың қызметіне тыйым салынбақ.

Сондай-ақ оқыңыз