Freedom Broker: Kaspi акциялары Нью-Йорк биржасында 2,4%-ға төмендеді, бұл алғашқы маңызды «сигнал» болуы мүмкін

Жарияланды
Kaspi акциялары Нью-Йорк биржасында төмендеді / Фото: Reuters Connect

Freedom Broker сарапшыларының KASE және LSE соңғы сауда сессиясының нәтижелеріне негізделген түсіндірмесін жариялады

«Kaspi Қазақстан қор биржасында 2,2%-ға өсті, бірақ NYSE биржасында 2,4%-ға құлдырады. Бұл «раллидегі» үзіліс болуы мүмкін. Сонымен қатар жергілікті бағаның төмендеуі алғашқы маңызды сигнал болуы ықтимал. 4 сағаттық диаграммада ауытқулар байқалады, сондықтан әлі де баға өзгеріп, түзетулер болады деуге негіз бар», – деп жазылған сарапшылар түсіндірмесінде

Freedom Broker есебінше, уран компанияларының акциялары жақсы өсуінен кейін 4 сәуір 3-4%-ға айтарлықтай төмендеді. Бұл 5 сәуір  «Қазатомөнеркәсіпке» бағаның көтерілуін одан әрі қолдауға мүмкіндік беруі мүмкін.

4 сәуір «Эйр Астана» LSE бойынша тұрақты көрсеткішпен жабылды. Сондықтан мұнай бағасының қымбаттауының аталған компания құнды қағаздарына әсерін бүгін байқап көруге болады.  

«Екінші жағынан, 93-94 доллардан жоғары мұнай «раллиі» ірі аймақтық қақтығыссыз жүзеге асыру қиын сценарий сияқты көрінеді. Бұрын мұнай бағасы төмен болса да жақсы табыс әкелген «Қазмұнайгаз» үшін мұндай көрсеткіштер тек қолдау болары сөзсіз», – деп жазды сарапшылар.

2023 жылдың желтоқсанында компания АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясына (SEC) NASDAQ тізіміне кіруге өтініш берді. Сонымен қатар андеррайтері Morgan Stanley, JPMorgan және Citigroup болатыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, қаңтарда Kaspi.kz тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастырды. Онда финтехкомпания шамамен 1 млрд доллар табыс тапты.

Аталған көрсеткіш компанияның Лондон қор биржасындағы (LSE) депозитарлық қолхаттары бағасына негізделген болжамнан 127 миллион доллар артық. IPO барысында Kaspi.kz иелері әр акцияны 92 доллардан, жалпы саны 11,3 миллион америкалық акция сатты. Олар кейін компанияның жай акцияларына айырбасталды. SEC ұйымына жіберілген хабарламада 9 миллион бағалы қағаз орналастыруға ниетті екені жазылған еді.

Ол кезде дивиденд мөлшері бір жай немесе артықшылығы бар акцияға 2,3 мың теңгені құрады. KASE сайтындағы мәліметтерге сәйкес, айналымда компанияның 18,3 миллион қарапайым және 372,5 мың артықшылығы бар акциясы жүр.

Kaspi Bank-тің 88,34% акциясын иеленетін ең ірі акционері – Kaspi.kz холдингінің құрамына кіретін Kaspi Group. Ең соңғы бенефициарлары – Baring Vostok қоры (26,13%), Михаил Ломтадзе (23,42%) және Вячеслав Ким (22,27%). Kaspi.kz акциялары KASE-де орналастырылған. Жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында (LSE), АҚШ-тың NASDAQ биржасында саудаланады.

Жуырда компания Лондон қор биржасында (LSE) өзінің ADS (америкалық депозитарлық акциялар) және ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат) листингінен бас тартатынын хабарлады. Делистинг 2024 жылдың 25 наурызына дейін өтеді деп күтілген.

Наурызда «Kaspi bank» АҚ дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына жолдаған құжатта жазылған.

«Kaspi Bank акционерлері 2023 жылға жай және артықшылығы бар бір акцияға 4 000 теңге көлемінде дивидендтер төлеуді мақұлдады», – деп жазылған құжатта.

Төлемдер 2024 жылдың 18 наурызында басталады. Дивиденд төлеу акционерлердің жалпы жиалысында шешіледі. Ол күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз