Депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарына ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салғысы келеді

Жарияланды
Депутаты хотят запретить СМИ писать про ЛГБТ под угрозой закрытия медиа
Депутаттар бұқаралық ақпарат құралдарына ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салғысы келеді / shutterstock

Мәжілістегі Amanat фракциясының депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Жанарбек Әшімжан «Масс-медиа туралы» заңға түзету енгізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына «ЛГБТ өкілдері туралы жазуға» тыйым салуды ұсынды. «Курсив» депутаттармен тілдесіп, бұл түзетудің ЛБГТ туралы ақпаратқа тыйым салу емес, «біржақты насихаттауға» қарсылық екендігін білді.

Власть басылымының ақпаратына сүйенсек, депутаттар медианың қандай себептермен жабылуы немесе тоқтатылуы мүмкін екенін сипаттайтын 22-бапқа түзету енгізуді ұсынған. Яғни бұқаралық ақпарат құралының жабылуына алып келетін тақырыптар қатарына қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және рулық үстемдікті насихаттауға қоса «дәстүрлі емес жыныстық байланысты насихаттауды» қосқысы келген.

«Заң жобасына қоса берілген салыстырмалы кестеде депутаттар «Масс-медиа туралы» заң жобасының 22-бабын толықтыруды ұсынған: онда «үстемдік» сөзінен кейін «дәстүрлі емес жыныстық байланыс» деген сөздермен толықтырылсын», – деп жазады Власть.

«Курсив» депутат Жанарбек Әшімжанға хабарласып, түзетулердің, шын мәнінде, ұсынылғанын растады. Алайда ол ақпаратқа тыйым салуға емес, насихаттауға тыйым салуды ұсынғанын айтады.

«Бұл жерде мәселе ақпаратқа тыйым салу туралы емес, оны бір жақты насихаттауда болып тұр. Біржақты түсіну мен насихаттауды қарама-қайшы қоймай, оны инклюзивтік бағытта қабылдау керек», – деп түсіндірді депутат.

Ол кез-келген мәселені объективті жария етуден үгіт-насихатты мынадай белгілер бойынша ажыратуға болатынын айтады. Үгіт-насихат қоғамдық пікірді белгілі бір бағытта қалыптастыруға немесе өзгертуге бағытталған, ал жария ету ақпаратты өз бетінше талдау және қорытынды жасау үшін беруге тырысатынын атап өтті.

«Үгіт-насихат ақпараттың жағымды көрінісін пайдаланады, мақсатты фактілерге назар аударады, ал объективті жария ету мәселенің әртүрлі жақтарын, соның ішінде әртүрлі пікірлер мен дәлелдерді ұсынуға тырысады. Фактілерді тексеру. Жария ету шеңберінде берілген ақпаратты дербес тексеруге болады, ал үгіт-насихатта көбінесе жалған мәлімдемелер болады және оларды растау қиын, кейде мүмкін емес», – дейді ол.

Депутат мәселені объективті түрде жариялау – тепе-теңдікке және әртүрлі көзқарастарды ұсынуға тырысатынын, ал үгіт-насихат көбінесе бір жақты және белгілі бір идеологияны ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ бастаманың көптеген қазақстандықтың өтініштері бойынша көтерілгенін ескертті.

«Біз зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінде жазаны күшейтетін заң қабылдадық және Сіз осы заңдарға қарсылық білдіргендер де аз емес екенін білесіз. Бірақ біз зорлық-зомбылыққа төзбеушілік танытуымыз керек, сонымен қатар қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін идеяларды насихаттауымыз керек», – деді ол.

Мәжілісменнің сөзінше, түзету қабылданбаған жоқ, әлі пысықталып жатыр.

Қазақстанда «Масс-медиа туралы» заң тақыланып жатыр. Қазір Мәжілістің бірінші оқылымы өткен, алдағы уақытта екінші оқылымда талқыланады. Заң жобасы көктемге дейін қабылданады деген болжам болған. Алайда журналистер қауымы «Заң осы күйінде қабылданатын болса, президентке ашық хат жазып, вето жариялауды сұраймыз» деп мәлімдеді. 

Өйткені заң жобасына енгізілген жаңа түзетулер сөз бостандығы жағдайын нашарлатады. Қазақстандағы тәуелсіз БАҚ-тардың жабылуына алып келеді. 

Мәселен, депутат Никита Шаталов желілік басылымдар мен ақпарат агенттіктерін «интернет-басылымдар» деген бірыңғай түсінікке біріктіруді ұсынған. Медиа сарапшылар мұндай өзгеріс ақпарат агенттіктерінің жойылуына жол ашатынын айтады. Сондай-ақ интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде тіркеуден өткізіліп, есепке алынады.

Сондай-ақ оқыңыз