Қытай азаматтары «Қорғас» шекара аумағында 6 заңсыз ойын бизнесі ошағын ұйымдастырған

Жарияланды
Қытай азаматтары «Қорғас» шекара аумағында 6 заңсыз ойын бизнесі ошағын ұйымдастырған / shutterstock

Қытай Халық республикасының азаматтары халықаралық «Қорғас» шекара аумағында 6 ойын бизнесін және 1 жезөкшелер ошағын ұйымдастырған.

Қаржы мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық полиция және шекара қызметінің бірлескен жұмысы аясында шекарада ашылған заңсыз ойын бизнесі орындары жабылған.

ҚМА ақпаратына сүйенсек, ойын мекемелері түнгі уақытта Қытай азаматтары үшін жұмыс істеген.

«Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді», – делінген хабарламада. 

Қазір облыстық полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен айналысуда.

2014 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық тауар өткізу желісін ұйымдастырып, кәсіпкерлерден ақша жинады деп айыпталған 45 адам сотталған. Олардың басым бөлігі Кеден қызметінің аймақтық органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары лауазымды қызметкерлері болды. «Қорғас ісі» бойынша негізгі ұйымдастырушы деп танылған Талғат Қайырбаев 16 жылға, Бақыт Отарбаев 17 жылға сотталды. Алматы облысы бойынша Кедендік комитет департаментінің бұрынғы басшысы, полковник Құрманбек Артықбаев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. «Қорғас» кеден бекетінің бұрынғы басшысы, кеден қызметінің подполковнигі Бақытжан Айдаров 5 жарым жылға, «Қалжат» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Миндулла Үмбетқалиев 9 жылға, «Алатау-ЦТО» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Михаил Войтович 8 жылға сотталды.

Алматы қаласы Наурызбай ауданының бұрынғы прокуроры Виктор Тихонов жазықсыз сотталып кетті. Кейін оны Жоғары сот ақтап алды. Бұл туралы Виктор Тихонов былай баяндайды

Виктор Тихонов Қайрат Қожамжаров бас прокурор болып тағайындалғанда сотталатынын түсінген. Өйткені ол 2012 жылы 6 маусымда өлтірілген Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау қызметінің қызметкері Медет Жамашевтың ісімен айналысқан. Марқұмның «Қорғас ісіне» қатысы болған.

«Қазір «Қорғас ісінің» Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қаржы полициясына қатысы болғаны маған ғана емес, барлығына ашық әрі түсінікті. Ол кезде Жамашевтың іс бойынша басты куәгер екенін бәрі білді. Сосын ол өлтіріледі, ал ізі Талғат Махатовқа апарады. Егер менің бұған қатысым болмаса, мен осы әрекеттің түпкілікті бенефициары болмасам, мен қалай әрекет етуім керек? Мен зұлымдықты кім жасағанын анықтап, оларды жауапқа тартып, заң шегінде жазалауға 100% нұсқау берер едім. Ақиқатқа көз жеткізер едім», – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданының бұрынғы прокуроры Виктор Тихонов.

Сондай-ақ оқыңыз