Прокуратура демпингке қарсы талаптардың бұзылуына байланысты Оралда жол жөндеу бойынша бес тендерді тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )
Оралда жол жөндеу бойынша бес тендердің күші жойылды / Архив: kursiv.media

Орал қаласы прокуратурасының актілері бойынша 2024 жылы жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын жолдарды орташа жөндеуге өткізілген бес тендердің күші жойылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.

«2024 жылы Орал қаласы прокуратурасының актісімен жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайтын орташа жол жөндеу бойынша 5 конкурс өткізілмеді. Оған демпингке қарсы талаптардың бұзылуы негіз болды, оған сәйкес орташа жол жөндеу кезінде әлеуетті өнім берушінің бағасы, егер ол техникалық құжаттамада көрсетілген бағадан 5%-дан астам төмен болса, демпингтік баға деп танылады», – деп жазылған хабарламада.

Алайда осыған қарамастан, «Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» жол жөндеуге сатып алуды ұйымдастыру кезінде демпинг белгісін 20%-ға (заңды 5%-бен) негізсіз өсірді, бұл әлеуетті жеткізушілерге демпинге қарсы баға ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл бәсекелестікте жеңіске жетуді қамтамасыз етті.

Қадағалау актісі бойынша 1,3 млрд теңгеден астам сомаға сатып алулар жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді.

Қабылданған шаралар мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерлік субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада 12 мың шақырым жолды жөнделетіні туралы айтқан еді. ҚР көлік министрі Марат Қарабаев жобаның жүзеге асуы туралы мәлімдеді.

«9,5 мың, оған қоса 2,5 мың шақырым, барлығы 94 жол, негізінен облыс арасындағы жолдар. Бұған қаражат қазірдің өзінде қарастырылған. Мәселен, жұмысы басталған 2,5 мың шақырымына Еуразиялық қайта құру және даму банкінен 450 млрд теңге аламыз», – деді Марат Қарабаев. 

Жолдарды жөндеу шығыны

Бұған дейін республикалық маңызы бар жаңа жолдардың ұзындығы үш есе артқан еді. Бұл жайлы Бірінші кредиттік бюро жазды.

Бюро жаңа жолдарға кеткен қаражат шығынын да есептеген. Солайша республикалық маңызы бар жолдардың орташа құны 1 км үшін 0,8 млн долларды құрайды екен.

Ұлттық статистика мәліметтерінде, өткен жылы 358,5 км жол пайдалануға берілгені жазылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 221%-ға көп екен. Ал 2021 жылмен салыстырғанда 90% артық. Бірақ бұл айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес. Себебі 3-4 жыл бұрын пайдалануға берілген жолдар бұл көрсеткіштен екі есе артық болған. Мәселен, 2020 жылы 710 км, 2018 жылы 716 км жол пайдалануға берілген.

2023 жылы 136,7 млрд теңге жұмсалған

Республикалық маңызы бар жаңа жолдардың құрылысына 2023 жылы 136,7 млрд теңге жұмсалған.

«Осылайша, 1 км шығыны орташа есеппен 381,2 млн теңгені немесе орташа жылдық мөлшерлеме бойынша 835,5 мың долларды құрады. Бұл сомада барлық шығын ескерілген – дизайн мен жабдықтан бастап, жол құрылысы жұмысына кеткен қаражат та бар», – делінген бюро хабаламасында.

Жол құрылысы қалай жүзеге асырылады?

Еске сала кетсек, елімізде жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы құрылған болатын. Оған сәйкес автожолдарды орташа  және күрделі жөндеу, олардың құрылысы мен реконструкциялау кезінде, сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама әзірлеу барысында құрылыс материалдары мен технологияларды аталған бірыңғай базада ұсынылған карьерлердің, битум және асфальт зауыттарының материалдарын ескеріп, пайдалануы қажет. 

Ал 4 желтоқсанда Көлік министрі жол жасау жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауға жол берілмейтінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз