Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

«Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов 2024 жылғы 7 сәуірде қол қойды», –  деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысы дайындықты күшейтті. Сәуір айының орта тұсында өзен арнасындағы судың тасуы ең жоғарғы шегіне жетеді деп болжануда. Жайықтың жоғарғы бетінде орналасқан Ресейдің Орынбор облысынан сағатына 3,6 км жылдамдықпен тасқын су ағып келеді. Атырау қаласы жанындағы ескі Сарайшық жұртын сақтап қалу мәселесі де өте өзекті.

Қазіргі уақытта Қызылқоға мен Жылыой аудандарында ахуал күрделі. Құлсарыны су басып, онда тұратын халықтың жартысынан жуығы көшірілді. Бұған дейін оқыс оқиға салдарынан екі адамның қаза болғаны туралы хабар тарады.

Сондай-ақ оқыңыз