Қор нарығына шолу: Мұнай бағасы өсуде, инвесторлар дамушы елдердегі жасанды зерде стартаптарына инвестиция салуда

Жарияланды
Мұнай бағасы өсуде/ Фото: Shutterstock

Сарапшылардың пікірінше,  2024 жылдың тамыз айына дейін мұнайды тасымалдаудағы үзілістерге байланысты, оның бағасы бір баррель үшін 100 долларға дейін жетуі мүмкін. Ал инвесторлар дамушы елдердің жасанды зерде стартаптарына белсенді түрде  инвестиция салмақ.

Акциялар қоры I тоқсанда кірісті 9,1% – ға арттырды

АҚШ-тағы акциялар 2024 жылдың бірінші тоқсанында тез көтерілді. Refinitiv  Lipper-дің мәліметтері бойынша, АҚШ-тағы акциялар қоры тоқсан ішінде орташа есеппен 9,1% – ға өсті. Салыстыру үшін, 2023 жылы өсім 21,1%-ды құрады.  Ал тиімділік бойынша дәстүрлі түрде технологиялық компаниялардың акциялары көш бастап тұр.

Жалпы алғанда, I тоқсанның нәтижелері болжағаннан да жақсы болды. Наурыз айында негізгі индекстер рекордтарды жаңартты, акциялардың бағасы әлі де салыстырмалы түрде жоғары. Инвестициялық компаниялар институтының бағалауы бойынша, қаңтар-наурыз айларында инвесторлар АҚШ акцияларының қорларына  50,7 млрд доллар, халықаралық акцияларға тағы  1,4 млрд доллар қаржы құйды.

Әрі қарайғы өзгерістер Федералды резервтің пайыздық мөлшерлемені қашан төмендете алатындығына байланысты. Нью-Йорк Life Investments экономисі және бас нарық стратегі Лорен Гудвиннің айтуынша, ФРЖ мен инвесторлар «алдағы бірнеше айда арқанның үстінде жүргендей болады». Оның пікірінше, ФРЖ инфляция «қиын» болса да, маусым айында пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуі мүмкін.

Уолл-Стрит инвесторлары дамушы елдердің жасанды интеллект компанияларын нысанаға алды

Құнды қағаздары бір жылдан аз уақыт ішінде үш есе өскен Nvidia-ның табысынан кейін инвесторлар бүкіл әлем бойынша жасанда зерде саласында жұмыс істейтін компанияларды іздей бастады. Bloomberg-тің жазуынша, қазір трейдерлер дамушы елдерге назар аударып отыр.

Morgan Stanley кірісті арттыру үшін жасанда интеллект енгізетін компанияларды қарастырып жатыр. «Біз жасанда зердені дамушы нарықтардағы өсу драйвері ретінде қарастырамыз», – деп атап өтті Morgan Stanley Investment Management инвестициялық директорының орынбасары Джитания Кандхари. «Бұрын біз жартылай өткізгіштер сияқты тікелей жасанда зерде бенефициарларына инвестиция салғанымызбен, болашақта кірісті арттыру үшін ЖИ енгізетін әртүрлі саладағы компанияларды іздеу маңызды болады».

Қазір дамушы нарықтарда жасанда зерде акциялары да көш бастап тұр. Сарапшылар бұл компаниялардың акцияларының орташа өсуін жылына 61% – ға дейін болжап отыр. Қазір TSMC және Hon Hai Precision Industry инвесторлар арасында танымал. Бұл үш акция сонымен қатар соңғы бес айда құны екі есе өскен  iShare MSCI EM Ex-China ETF -тің он ірі инвестициясының бірі болды.

 Мұнайдың жеткізудегі үзілістері нарықты дүр сілкіндірді

Мұнайды жеткізудегі ауқымды үзілістер трейдерлерді алаңдатып отыр, деп жазады Bloomberg. Сарапшылар  мұнайдың бағасын жақын арада бір баррель үшін 100 долларға дейін көтеретін бірнеше факторларды атады.

Яғни Мексика шикі мұнай экспортын қысқартады. Бұл АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарын отандық баррельді көбірек тұтынуға итермелейді, бағаны көтереді. Сондай-ақ бірнеше факторлардың ішіне Ресей мұнайына енгізілген америкалық санкция да көрініс тапты. Сонымен қатар АҚШ тағы бір ірі мұнай жеткізушісі – Венесуэлаға жаңа санкциялар салып тағы қауіп төндіруді.

Хусит көтерілісшілерінің Қызыл теңіздегі мұнай танкерлеріне жасаған шабуылдары әлі де жалғасуда. Бұл жүктерді жеткізу уақытының кешігуіне әкеледі. ОПЕК + картелі өз тарапынан өндіріс тапшылығын жасанды түрде құра отырып, кірісті азайтуды жалғастыруда.

Бұл оқиғалардың тоғысуы АҚШ-тағы жазғы автомобиль маусымы қарсаңында орын алады. Brent маркалы мұнайдың барреліне 100 доллар бағасымен инфляцияны одан әрі төмендету мүмкіндігі азайып келеді. Сонымен қатар, АҚШ пен Қытайдағы өндірістік белсенділік энергия тұтынудың өсуін екі еселемек.

Rapidan Energy Group консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және Ақ үйдің бұрынғы кеңесшісі Боб МакНелли қысқа мерзімде баррель құнының 100 долларға дейін өсуін болжайды. JPMorgan сонымен қатар тамыз немесе қыркүйек айларында мұнай барреліне 100 доллардан саудаланады деп болжап отыр.

Қысқа-нұсқа

2024 жылдың 8 тамызында Tesla өзінің көптен бері уәде еткен роботакси жобасын ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск мәлімдеді.

Қытай Ұлттық Банкі жексенбі күні жарияланған есебіне сәйкес, алтынды 17-ші ай қатарынан сатып алды. Жалпы, наурыз айының соңында оның қоры 72,74 миллион троя унциясына дейін өсті.

Сондай-ақ оқыңыз