«Қазақстан даму банкінің» еурооблигациялары Вена қор биржасында орналастырылады

Жарияланды
Шығарушы редактор
Вена қор биржасы
Фото: kursiv.media

Вена қор биржасы «Қазақстанның Даму Банкінің» орта мерзімді облигациялары листингін растады. Бұл туралы ҚДБ-ның Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.

Вена қор бижасына банктің 3 млрд долларлық облигациялары орналастырылмақ.

«2024 жылғы 3 сәуірде Вена қор биржасы Компанияның 3 000 000 000 АҚШ доллары сомасына (бұдан әрі – Облигациялар бағдарламасы) орташа мерзімді облигациялар шығару бағдарламасының листингін растады» – делінген хабарламада.

Банк облигацияларын Вена қор биржасына орналастылғанда ҚДБ-ның осы бағдарлама аясында шығарған облигациялары KASE-ден делистинг жасамайды.

2 сәуірде банк еурооблигацияларының екі шығарылымын орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды. Одан түскен қаржы бұрынғы шығарылымдарды сатып алуға жұмсалады. Ұсыныс бағасы 15 сәуірге дейін белгіленді. Бір жаңа шығарылым 500 миллион доллар, екінші шығарылым 100 миллиард теңгені құрайды деп жоспарланған. Екі шығарылым да 3 жыл мерзімге жоспарланған.

«Қазақстан даму банкі» өзінің өтелмеген облигацияларын сатып алу жөніндегі ұсынысын жариялаған болатын. Банк доллардағы облигацияларын 5,75% мөлшерлемесімен сатып алмақ. Өтеу мерзімі – 2025 жыл. Ал теңгедегі облигацияларын 10,75% мөлшерлемемен сатып алады. Теңгедегі облигациялардың өтеу мерзімі бірдей.

Ұсыныс 30 сәуірге дейін қолданылады. 15 сәуірге дейінгі ерте сатып алуға сыйақы ұсынылған. Ерте сатқысы келгендерге облигациялардың негізгі құнының әр 1 000 доллар үшін – 30 доллар, әр 250 мың теңге үшін 7500 теңге сыйақы да қарастырылған.

Бағалы қағаздардың андеррайтері Halyk Finance еурооблигацияларды өтеу бойынша кірістілік мөлшерін жариялады: теңгемен 13,25%, доллармен – 5,6%. Осылайша, долларлық бағалы қағаздар эмитенттің жаңа шығарылымдарды неғұрлым «тартымды» шарттарда орналастыру ниетіне сәйкес келгенімен, бірақ теңгелік бағалы қағаздар сай келмей тұр. Бірлескен  букраннерлері: Citi, J.P. Morgan, Mashreq, Societe Generale.

Қазақстанның Даму Банкі – экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған қаржы институты. Жеке сайтында ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін жобаларға инвестициялайтыны жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз