Toyota өзінің Daihatsu автомобильдер желісін шетелде қайта кеңейтуді қолға алады

Жарияланды
Toyota өзінің Daihatsu автомобильдер желісін шетелде қайта кеңейтуді қолға алады / REUTERS/Yuya Shino

Toyota Motor Corp. өзінің Daihatsu Motor Co брендті автомобильдерін сертификаттау және қайта өндіру жұмыстарын бастап кетті. 

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, компания өзінің жеңіл көлік өндірісін жандандыруды қолға алмақ. Daihatsu дамушы елдердегі Toyota бөлімшелерін өзара біріктіріп, өндірісті жандандырады.

«Құрылымдағы осы өзгерісті ескере отырып, екі компания Азияда неғұрлым тәуелсіз және өзара байланысы келісілген ұжым құруға ұмтылады», – делінген компания хабарламасында.

2016 жылы Toyota жүз пайыздық еншілес кәсіпорны болған Daihatsu автомобиль шығаруды тоқтатуға мәжбүр болған. Себебі ішкі тексеру кезінде қауіпсіздік сертификаттауда ондаған жылдар бойы құқық бұзушылықтар орын алғаны анықталған.

2024 жылы Toyota бірқатар жанжалдарға тап болды. Соның ішінде Toyota Industries Ltd. қаңтар айында жапондық автоөндірушілерге жеткізген бірнеше қозғалтқыштардың қуаты туралы деректерді өзгерткен.

Наурызда Toyota осы жанжалды жағдайдан шығу үшін Daihatsu-ды өндіруді қайта қолға алуды ойлап, компанияның Латын Америкасындағы бөлімшелерін басқарған Масахиро Иноуенді басшылық қызметке тағайындады.

Жапондық Toyota Motor Corp. компаниясының III тоқсандағы таза табысы 1,9 есеге, кірісі 23%-ға артты. Бұл екі көрсеткіш те нарықтық болжамдардан жоғары.

Өндіруші ақпаратына сүйенсек, оның соңғы тоқсандағы таза пайдасы өткен қаржы жылының III тоқсанындағы 727,9 млрд иенмен салыстырғанда 1,36 трлн иенді (9,13 млрд доллар) құрады.

Компанияның тоқсан сайынғы кірісі Солтүстік Америка мен Еуропадағы сауда көлемінің өсуіне байланысты жақсарды. Атап айтқанда, бір жыл бұрынғы 9,75 трлн иеннен 12,04 трлн иенге дейін өсті.

Quick сауалнамасына қатысқан сарапшылардың болжамы басқа еді. Олар Toyota-ның таза табысын орта есеппен 11,562 трлн иен, кірісін 1,07 триллион иен деңгейінде болжаған. Осылайша жапондық өндіруші таза табыс бойынша болжамын 3,95 трлн иеннен 4,5 трлн иенге (өсім 84%) арттырды. Ал ал кірісін 43 трлн иеннен 43,5 трлн иенге дейін жақсартты.

Сондай-ақ оқыңыз