Apple дербес компьютерлерді жеткізу бойынша көшбасшы атанды

Жарияланды
Apple дербес компьютерлерді жеткізуде көшбасшы атанды/ Фото: Shutterstock

IDC деректері бойынша  Apple ірі өндірушілер арасында бірінші тоқсанда дербес компьютерлерді жеткізудің өсу қарқыны бойынша бірінші орынды иеленді.

Толығырақ

2024 жылдың бірінші тоқсанында Mac компьютерлерін жеткізу көлемі 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,6% – ға өсті. Бұл дербес компьютерлердің ірі өндірушілері арасындағы ең үлкен өсім. Lenovo және Acer жеткізілімдері сәйкесінше 7,8% және 9,2% — ға өсті. Ал HP 0,2% – ға,  Dell компьютерлерінің жеткізілімдері 2,2% – ға төмендеді. Apple компаниясының дербес компьютерлер нарығындағы үлесі бір жыл бұрынғы 7,1% – бен салыстырғанда 8,1% – ға дейін өсті.

MarketWatch сарапшыларының айтуынша, бұл Уолл-стрит үшін жақсы жаңалық. Mac-тың тоқсандық сатылымы бойынша сарапшылардың консенсус пікірі 6,82 млрд долларды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,85% – ға аз ( 7,168 млрд доллар), деп жазды MarketWatch.

IDC атап өткендей, Apple компаниясының  өсімі төмен базаның арқасында көрсетілді. Бір жыл бұрын Mac жеткізілімдері сұраныстың төмендеуіне, артық қорларға және экономикалық климаттың нашарлауына байланысты 28,7%-ға төмендеді.

Apple акциялары 

Apple акциялары 0,67% – ға төмендеп, 168,45 долларға жетті. Сейсенбі күні премаркетте компанияның акциялары Астананың 15:00-дегі деректері бойынша 0,11% – ға төмендеуді жалғастыруда.

Сарапшылар негізінен компанияның бағалы қағаздарына оң көзқараспен қарайды. 44 сарапшының 19- ы Buy (сатып алу кеңесі), алтауы Overweight («нарықтан жоғары»). 14 сарапшы акцияларды (Hold), үшеуі — сатуды (Sell), тағы үшеуі Underweight («нарықтан төмен») рейтингін беруді ұсынды. 

Наурыз айының соңында Apple жаңа iPad шығаратыны белгілі болды. Apple жаңа модельдер iPad сатылымын жандандыруға көмектеседі деп үміттенеді. Пандемия кезінде планшеттердің танымалдылығының өсуі байқалды, бірақ соңғы екі  жылда құлдырау байқалды.

Сондай-ақ оқыңыз