Samsung TSMC және Intel-ден кейін АҚШ-та чип өндірісін жандандырмақ

Жарияланды
Samsung АҚШ-та чип өндірісін жандандырмақ/Фото: Unsplash / Babak Habibi

АҚШ үкіметі Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясына Техастағы чип  өндірісін кеңейтуге 6 млрд  доллардан астам қаражат бөледі. Сауда министрлігінің субсидиясы өндірістік қуатты, соның ішінде құны  17 млрд доллар чип шығаратын зауытты салуға жұмсалады. Бұл мемлекеттік қолдауды АҚШ-та чип өндірісін кеңейтуді жоспарлап отырған TSMC және Intel компаниялары  да алады.

Толығырақ

АҚШ сауда министрлігі Техас штатының Тейлор қаласында төрт зауыт салу үшін Samsung микроэлектроника өндірушісіне 6,6 млрд долларға дейін субсидия бөлуді жоспарлады. Компания өндірісті кеңейтуді және 17 млрд долларлық чип зауытын салуды көздеп отыр. Жаңа келісімдердің арқасында Samsung-тың АҚШ экономикасына салған инвестициясы екі есеге артып, 44 млрд доллардан асады. Сауда министрлігі бұл жаңалыққа түсініктеме берген жоқ.

Жартылай өткізгіштерді дамытуға арналған субсидиялар

Chips and Science заңы зерттеу және өндіріс субсидиялары арқылы АҚШ-та жартылай өткізгіштер өндірісін арттыруға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыруға АҚШ Конгресі 52,7 млрд бөлді. Заңның мақсаты — АҚШ-тың Қытай мен Тайваньға тәуелділігін төмендету. Өйткені АҚШ-тың әлемдік жартылай өткізгіш қуаттылығының үлесі 1990 жылғы 37% – дан 2020 жылы 12% – ға дейін төмендеді.

5 ақпанда АҚШ сауда министрі Джина Раймондо оның департаменті екі ай ішінде Үкіметтің жартылай өткізгіш өндірісін ынталандыру бағдарламасынан 39 млрд доллар көлемінде бірнеше грант бөлуді жоспарлап отырғанын айтты.

Біз осы компаниялармен шынымен күрделі келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы алты-сегіз аптада сіздерді тағы бірнеше хабарландыру күтіп тұр- деді Раймондо Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Акция

Лондон биржасындағы Samsung Electronics депозитарлық қолхаттары 1% – ға қымбаттады. Оңтүстік Корея биржасындағы Samsung акциялары 1,3% – ға төмендеді.  Ал TSMC акциялары дүйсенбіде Тайваньдағы сауда-саттықта 0,4% – ға қымбаттады.

Жыл басынан бері Оңтүстік Кореядағы Samsung акциялары 6,16% – ға қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз